{metadescription}
Ақтөбе: ұлы қолбасшы Әбілқайырдың құрметіне мемориалдық кешен салынады
Ақтөбе: ұлы қолбасшы Әбілқайырдың құрметіне мемориалдық кешен салынады

Ақтөбе: ұлы қолбасшы Әбілқайырдың құрметіне мемориалдық кешен салынады

30 жыл бойы Әбілқайыр ханның сүйегін іздеген экспедициялық топтың зерттеу жұмыстары аяқталуға жақын. Дегенмен Ақтөбедегі “Хан моласы” қорымында жатқан мыңға жуық адамның арасынан Кіші жүз ханының сүйегін анықтауға қатысты дау әлі көп. Қазақстандық ғалымдар Әбілқайыр ханның Торғайда емес, Ақтөбеде жерленгенін дәлелдеуге жетерлік деректерді тапқанын алға тартып отыр. Егер ол расталса, Әйтеке би ауданына мемориалдық кешен салынатын болады.

XVIII ғасырда Ресей басылымдарында хан өлімі жөнінде нақты құжаттарға сілтеме жасалыпты. Онда «Әбілқайыр Торғай уезі аумағындағы Торғай мен Қабырға өзендері қосылатын жерде жерленген» деп көрсетіледі. Торғай өңірінің халқы осы уақытқа дейін «Хан моласы» осы жерде деп жүр. Ал экспедициялық топ шілде айында зерттеу жұмыстарының соңғы кезеңін бастаймыз деп отыр. Археологтар жылдың аяғына дейін хан сүйегі табылатынына үмітті. Сондықтан олар қорымның басына туристік мемориалдық кешен құрылысын бастауға да болады дейді. Ал хан сүйегі табылған соң, ол жерде кесене тұрғызылмақ.

Серік Әжіғалиев, экспедициялық топтың жетекшісі:

- Негізі, қазір болжамдар бар.Оны біз тексереміз. Мамандар, ғалым жағынан бар күшін пайдаланамыз.

Тарихи деректерде «Хан сүйегі» ел аузында «Хан моласы» деп аталып кеткен бұл қорымды зерттеу жұмыстары осыдан 30 жыл бұрын басталған. 1748 жылы Кіші жүз ханы Әбілқайыр қазіргі Әйтеке би ауданы аумағында қайтыс болып, сол жерде жерленген деп, ең алдымен орыс зерттеушілері жазған. Өйткені кейбір ескі құжаттарда Ресей империясының белгілі тұлғаларының бірі Әбілқайырдың асына қатысқан деген деректер көрсетіледі.

Әбіш Кекілбаев, ҚР Халық жазушысы:

- Бас сүйегі қайда, сүйегі қайда, барлығы да даулы болып тұр. Қазір біздің жерімізде жалғыз жатқанының біреуі Әбілқайыр хан деп есептеліп тұр. Әбілқайырға осы мүмкіндігі бар жалғыз... тауып алып, ескерткіш қою керек дегенді мен де құптаймын.

Ал көнекөз қариялар: «Осыдан 50 шақты жыл бұрын ханның басында көк тас болған. Сол таста араб әріптерімен «Әбілқайыр хан» деп жазылған болатын», - дейді. Бірақ экспедициялық топ ол тасты таба алмаған. Әзірге белгілісі: «Хан моласы» қорымында 942 адам жерленген.Негізі экспедициялық топ мүшелері қорымдағы екі қабірдің бірі - Әбілқайыр ханның сүйегі болуы мүмкін деген болжамға келіп отыр. Кейбір тарихи деректерде хан өзінің қару жарағымен бірге жерленген деп көрсетіледі. Енді ғалымдар жердің астыңғы қабатын нақты көрсететін георадар құралын пайдаланамыз деп отыр. Содан кейін сүйек толық зерттеледі.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде