{metadescription}
Шымкентте әлеуметтік қызметтің жаңа түрі пайда болды
Шымкентте әлеуметтік қызметтің жаңа түрі пайда болды

Шымкентте әлеуметтік қызметтің жаңа түрі пайда болды

Шымкентте әлеуметтік қызметтің жаңа түрі пайда болды. Енді қол арбаға таңылған жандар мен Ұлы Отан соғысының мүгедектерін қала ішінде арнайы таксилер тасымалдайтын болады. Мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған мұндай жоба Қазақстанның төрт қаласында жүзеге асқан. Сауапты істі қолға алған оңтүстікте мүгедектерге әзірге үш көлік қана қызмет етуде. Сондықтан таксиді пайдалану уақыты шектеулі.

Гүлжамал Бекболатованың ұлы жүйке ауруына шалдыққан. Сол себептен дәрігерге жиі көрініп тұруы керек. Ал науқас баламен қоғамдық көлікте жүру қиын. Енді Гүлжамал әлеуметтік такси қызметін қуана пайдаланып жүр.

Гүлжамал Бекболатова, Шымкент қаласының тұрғыны:

- Бұл баланың неврологиялық ауруы болғасын, қатты шыңғыратыны бар, қарқылдап күліп жіберетін кездері болады. Сол жағынан ыңғайсызданамыз.

Әлеуметтік таси жүргізушілері де іріктеуден өтеді. Оларға қойылатын талап: сыпайылық, қаланы жақсы білуі тиіс және білек күші болуы керек. Өйткені бұл қызметті тұтынушылардың көбі өздігінше жүріп-тұра алмайтындар.

Едіге Байбосаев, әлеуметтік такси жүргізушісі:

- Олар мүгедек жандар болған соң, кейде демеп жіберемін. Баратын жеріне дейін көмектесіп, апарысып жібереміз. Биік қабатта тұратындарға көмек керек болса, бір шетін ұстасып, көмектесеміз.

Шымкент қаласында әлеуметтік такси қызметін іске қосу үшін қазынадан 4 миллион теңгедей қаржы бөлінген. Мұндай көліктерді пайдалану қатаң шектелген. Мүгедек жандар көлікті тек әлеуметтік нысандарға бару үшін ғана пайдалана алады. Олар тапсырысты бір күн бұрын беруі қажет.

Талғат Жанәділов, Шымкент қалалық еңбекпен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің маманы:

- Таксидің жұмыс кестесі бойынша, таңғы сағат 9-дан кешкі 7-ге дейін. Ал бір мүгедекке бір сағат жұмсалады. Бұл жаңа түрі болғаннан кейін, әр таксиге 9-10 адамнан есептеліп отыр.

Әзірге Шымкентте небәрі үш көлік әлеуметтік таски қызметін атқарып жүр. Ал қалада 18 мыңға жуық мүмкіндігі шектеулі жандар бар. Әлеуметтік көлікті пайдалану уақытының шектеулі болуы да сондықтан. Бірінші кезекте Ұлы Отан соғысы ардагерлері мен 16 жасқа дейінгі мүгедектерге қызмет көрсетіледі.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде