{metadescription}
Босния телеарнасы Ратко Младичтің таяуда түсірілген бейнетаспасын жария етті
Босния телеарнасы Ратко Младичтің таяуда түсірілген бейнетаспасын жария етті

Босния телеарнасы Ратко Младичтің таяуда түсірілген бейнетаспасын жария етті

Босния телеарнасы адамзатқа қарсы жасаған қылмыстары үшін халықаралық іздеуде жүрген бұрынғы серб генералы Ратко Младичтің таяуда түсірілген бейнетаспасын көрсетті. “Эф Ти Ви” телеарнасының хабарлауынша, бұл жазбалар Ратко Младичтің Сербия аумағында емін-еркін жүргенін айғақтайды.

Түсірілген кадрлерде 14 жылдан бері халықаралық трибуналдан қашып жүрген Младичтің Белградта сауық-сайран құрып, қыдырып жүргені көрсетілген. Бейнежазбадан бұрынғы серб генералының тойда қыз-келіншектермен билеп жүрген сәттерін көруге болады. Телеарна қызметкерлері таспаның былтыр түсірілгеніне сенімді. Өткен сейсенбіде қашқын генералдың жеке оққағары болған Бранислав Пухало да сот алдында Младичтің Белградта тұрғанын, еркін жүріп, футбол матчтарына, тіпті бірнеше рет полицияға барғанын да айтқан болатын. Пухало - қанішер генералға қол үшын бергені үшін сот алдында жауапқа тартылып жатқан 10 адамның бірі. Естеріңізге салсақ, Гаагадағы Халықаралық трибунал Ратко Младичті «1992-95 жылдары Балқандағы соғыс кезінде бейбіт халықты қырды» деп айыптады. Атап айтқанда, 1995 жылдың шілде айында Младичтің бұйрығымен серб әскерилері Сребреница қаласындағы 8 мың мұсылманды айуандықпен өлтірген. Сербия үкіметі генералды жыл соңына да трибунал алдына әкелуге уәде берген болатын. Былтыр Балқандағы қанды қырғынға жауаптылардың бірі, босниялық сербтердің жетекшісі Радован Караджичтің қолға түскені белгілі. Ұзақ уақыт Сербия арнайы қызметінің көз алдында емшілікпен айналысып келген Караджичті жеке басының бостандығы үшін осы Младич ұстап берді деген де мәлімет бар.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде