{metadescription}
Бүгін Иранда кезекті Президент сайлауы басталды
Бүгін Иранда кезекті Президент сайлауы басталды

Бүгін Иранда кезекті Президент сайлауы басталды

Бүгін Иранда кезекті Президент сайлауы басталды. Саяси додада елдің қазіргі президенті Махмұд Ахмадинежад, экс премьер Мір Құсейін Мұсави, бұрынғы парламент спикері Мехди КәрРуби және генерал Мохсен Резаи бақтарын сынауда.

Орталық сайлау комиссиясы биыл дауыс берушілердің белсенділігі жоғары дейді. Ал жалпы елде дауыс беру құқына 46 млн. 200 мың адам ие. Сайлау компаниясының алғашқы қорытындылары бойынша 52 жастағы Махмұд Ахмадинежад көш бастап келеді. Оның негізгі бәсекелесі реформашыл Мір Құсейн Мұсави болуы мүмкін. Президент орынтағынан үмітті 3 кандидаттың да сайлау кампаниясы Ахмадинежадтың саясатын сынаумен болды. Олар президентті жұмыссыздық пен 27 пайызға дейін жеткен инфляция деңгейімен күресе алмады және сыртқы саясатты дұрыс жүргізбеді деп айыптауда. Мұсави сонымен қатар қуғындалып, ел ауып кеткен Иран азаматтарын Отанына қайтарып, билік басына әйелдерді де жіберу керек дегенді алға тартуда. Ал экс премьер Мохсен Резаи сыртқы саясат саласында жіберген қателіктерді реттеймін деп уәде беріп отыр. Батыспен арадағы қарым-қатынасты нығайтқысы келетіндердің бірі - Мехди Кәрруби. Төрт үміткер де бірінші кезеңде сайлаушылардың кем дегенде, 50 пайыз даусын жинауы қажет. Бұлай болмаған жағдайда, сайлаудың екінші туры - маусымның 19-ында өтеді.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде