{metadescription}
Молдова: Конституциялық сот В.Ворониннің ұсынысын қолдады
Молдова: Конституциялық сот В.Ворониннің ұсынысын қолдады

Молдова: Конституциялық сот В.Ворониннің ұсынысын қолдады

Молдова Конституциялық соты ел президенті Владимир Ворониннің парламентті тарату жөніндегі ұсынысын қолдады. Енді заңға сәйкес, мемлекет басшысы заң шығарушы органды таратуға құқылы.

Мұндай қадамға Воронин парламенттің екі мәрте ел басын сайлай алмауына байланысты барып отыр. Сот шешімі шыққаннан кейін мемлекет басшысы кезекті рет президент сайлауының күнін бекітеді. Дегенмен Молдова парламентінің вице-спикері Владимир Цуркан заң шығарушы органның қаржы дағдарысы кезінде үкімет жұмысын біршама жеңілдете түсетін бірнеше маңызды заң жобаларын қабылдағаннан кейін тарайтынын айтты. Сондай-ақ, депутаттар елдегі қазіргі саяси жағдайға байланысты кейбір заңдарға өзгерту енгізуді жоспарлап отыр. Атап айтсақ, мерзімнен бұрын сайлау өткізу және орталық сайлау комиссиясының атқаратын қызметіне қатысты. Жаңа парламент тамыз айының бірінші жексенбісіне дейін сайлануы тиіс.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде