{metadescription}
Қытайда доңыз тұмауына шалдыққандардың саны күн санап өсіп келеді
Қытайда доңыз тұмауына шалдыққандардың саны күн санап өсіп келеді

Қытайда доңыз тұмауына шалдыққандардың саны күн санап өсіп келеді

Қытайда доңыз тұмауына шалдыққандардың саны күн санап өсіп келеді. Ел үкіметінің аурудың алдын-алуға қатысты қатаң шаралар қабылдағанына қарамастан, АШ-1 ЭН-1 вирусының жаңа ошақтары елдің оңтүстік-батысындағы тағы бірнеше провинцияда табылған.

Қытай Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, өткен тәулікте ғана бұл індетке шалдыққан 80 адам тіркелген. Қазір аталған аймақтағы санитарлық бақылау қызметі күшейтілген тәртіппен жұмыс істеуде. Америка мен Австралия құрлықтарынан келетін рейстердің саны қысқартылып, шетелдік азаматтардың Қытай шекарасынан өтуіне шектеу қойылып отыр. Қазір доңыз тұмауын жұқтырған 494 адам Қытай дәрігерлерінің бақылауында. Өткен тәулікте науқастарда табылған вирустың құрамын тексеруден өткізген бразилиялық мамандар “Аш 1 Эн 1” вирусының алғашқы мутациялық түрі табылғанын мәлімдеген болатын. Дәрігерлердің айтуынша, антигеннің тіндерін анықтау барысында табылған бұл вирустың қай түрге жататыны әзірге белгісіз. Жалпы, қатерлі індетті жұқтырғандар саны 35 мың 928 адамға жетті. Әлемнің 76 еліне тарап үлгерген кеселден 163 адам қайтыс болған.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде