{metadescription}
Астаналық жол полициясының қызметкерлері ішімдік ішіп көлік жүргізген әділет министрінің орынбасары Марат Бекетаевты ұстады

Астаналық жол полицейлері ішімдік ішіп көлік жүргізген шенеунікті ұстады. Ол, Әділет министрінің орынбасары Марат Бекетаев. Бұл туралы ақпаратты арнамызға Астана қалалық наркология орталығының жетекшісі хабарлады.

Вице-министр жол полицейлерінің назарына өткен жұмадан сенбіге қарған түні, сағат екілер шамасында ілікен. Қымбат шетелдік көліктің тізгініндегі Марат Бекетаев, құжаттарын сұраған жол полицейіне жүргізу куәлінгін емес, өзінің қызметтік куәлігін көрсетіп, Әділет вице-министрі екенін айтқан. Полицейдің айтуынша, ішімдік ішкен вице-министр медициналық тексеруден өтуге үзілді-кесілді қарсылық танытыпты. Қазір, Бекетавқа қатысты қозғалған іс Астана қалалық әкімшілік сотына жіберілді. 32 жастағы Марат Бекетаев, Әділет министрінің орынбасары қызметіне 2007-ші жылы тағайындалған. Оған дейін, премьер-министрдің кеңесшісі болған ол, мемлекеттік қызметтегі үлгілі еңбегі үшін «Қазақстан Конституциясына 10» мерейтойлық медальмен марапатталған болатын.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде