{metadescription}
Орталық және Шығыс Еуропа су тасқынынан зардап шегіп жатыр
Орталық және Шығыс Еуропа су тасқынынан зардап шегіп жатыр

Орталық және Шығыс Еуропа су тасқынынан зардап шегіп жатыр

Орталық және Шығыс Еуропа су тасқынынан зардап шегіп жатыр.

Әсіресе Чехияда жағдай қиын. Мұнда табиғат апатынан он екі адам қаза тапты. Солтүстік Моравия департаментінде баспаналары су астында қалған мыңдаған тұрғын қауіпсіз жерге көшірілуде. Құтқарушылар аймақтағы жағдайдың қиындығын ескере отырып, жапа шеккендер саны әлі де көбеюі мүмкін дейді. Оған қоса Польшада кеше дүлей дауылдан 1 адам қаза тауып, он шақтысы жараланды. Құйын ағаштарды тамырымен жұлып, көліктерді төңкеріп тастаған. Жүздеген үй мен ғимараттарға зақым келіп, электр желілері үзілді. Польша ұлттық ауа-райын болжау қызметі бүгін елдің солтүстік-шығысында 6 елді-мекеннің су астында қалып, 2 көпірдің қирағанын хабарлады. Көршілес Румыния, Австрия мен Германия да табиғаттың тосын мінезінен зардап шегіп жатыр. Дунай өзені арнасынан асып, 50-ден астам елді-мекенді шайып кеткен. 100 мыңға жуық тұрған үй-жайсыз қалды.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.