{metadescription}
Индонзия астанасы Джакарта қаласында бірнеше жарылыс болды
Индонзия астанасы Джакарта қаласында бірнеше жарылыс болды

Индонзия астанасы Джакарта қаласында бірнеше жарылыс болды

Бүгін Индонзия астанасы Джакарта қаласында бірнеше жарылыс болды. Елдің Ішкі істер министрлігі таратқан ақпаратқа сәйкес, қастандықтан 11 адам қаза болып, 50-ден астамы түрлі дәрежеде жарақаттанған.

Лаңкестік әрекеттер қала орталығындағы бес жұлдызды "Риц-Карлтон" мен "Мэриотт" қонақ үйлерінде орын алған. Қаза болғандар мен зардап шеккендердің көпшілігі - қонақ үйге тоқтаған шетелдік азаматтар. Жанкештілердің қолымен дайындалған жарылғыш заттар бірнеше минуттың ішінде бірінен соң бірі іске қосылған. Марқұмдардың саны әлі де өсе түсуі мүмкін. Себебі, зардап шеккендердің көпшілігі ауруханада хал үстінде жатыр. Тәртіп сақшылары лаңкестердің тәулік бойы күзетілетін қонақүй аумағына қалай кіргенін түсіне алмай отыр. Индонезияның құқық қоғау органдары бұл қастандық әрекеттерге елдегі радикалдық топтарды айыптап отыр. Қазір төтенше оқиғаларға қатысты тергеу ісі қозғалып, оның барысын үкіметтік арнайы комиссия өз бақылауына алды.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде