{metadescription}
Мысырдың солтүстік-батысында көлік апатынан 34 адам қаза тауып, 28 жолаушы жараланды
Мысырдың солтүстік-батысында көлік апатынан 34 адам қаза тауып, 28 жолаушы жараланды

Мысырдың солтүстік-батысында көлік апатынан 34 адам қаза тауып, 28 жолаушы жараланды

Бүгін Мысырдың солтүстік-батысында көлік апатынан 34 адам қаза тауып, 28 жолаушы жараланды. Оқиға Эль Гедид штатында, ел астанасы Каирден 72 шақырым жерде орын алған. Жергілікті құтқару қызметі өкілдерінің мәліметінше, қаза болғандардың барлығы мысыр азаматтары.

Каирден шыққан жолаушылар автобусы қарсы жолға шығып кеткен жүк көлігімен соқтығысқан. Оқиға орнына дереу жеткен құтқарушылар мен жедел жәрдем қызметкерлері аман қалған жолаушыларды ауруханаға жеткізді. Көпшілігінің жағдайы ауыр. Мысыр жолдарында мұндай қайғылы оқиғалар жиі тіркеледі. Осыдан бір апта бұрын ғана Қызыл теңіздің жағалауына демалуға бара жатқан сербиялық сегіз саяхатшы жол апатынан мерт болды.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде