{metadescription}
15-тамызда Бейбіт Шүменов бүкіләлемдік  бокс ұйымының чемпиондық атағы үшін Габриэль Кампильомен жұдырықтасады
15-тамызда Бейбіт Шүменов бүкіләлемдік  бокс ұйымының чемпиондық атағы үшін Габриэль Кампильомен жұдырықтасады

15-тамызда Бейбіт Шүменов бүкіләлемдік бокс ұйымының чемпиондық атағы үшін Габриэль Кампильомен жұдырықтасады

Халықаралық бокс қауымдастығы тұжырымы бойынша, әлем чемпионы, жерлесіміз Бейбіт Шүменов 15-тамызда бүкіләлемдік бокс ұйымының чемпиондық атағы үшін испандық боксшы Габриэль Кампильомен жұдырықтасады. Чемпиондық белбеу жолындағы он екі раундтық жекпе-жек Астанадағы “Қазақстан” спорт кешенінде өтеді.

Бейбіт Шүменов бұл күндері кәсіпқой бокс әлеміндегі танымал шеберлердің бірі. Айналдырған екі-үш жылдың ішінде «Әлем чемпионы» атанып үлгерген Шүменов шаршы алаңда сегіз кездесу өткізіп, оның бәрін жеңіспен аяқтады. Олардың қатарында есімі төрткүл дүниеге танымал жұлдыздар да бар. Кезінде аты әлемге әйгілі Рой Джонсты екі рет ұтқан Монтелл Гриффиннің өзі қазақ боксшысы алдында бас иді. Монтелл Гриффин - кәсіпқой бокстың қос тұжырымы бойынша әлемнің экс чемпионы атанған майталман . 9-мамыр күні Шымкенттегі Қажымұхан атындағы орталық стадионға жиналған 20 мыңға жуық көрермен Шүменовтің тағы бір үлкен жеңісіне куә болды. Бұл күні жерлесіміз Халықаралық бокс қауымдастығының чемпиондық белбеуі үшін америкалық атақты боксшы Байрон Митчеллмен қолғап түйістірді. Кездесудің төртінші раундында Бейбіттің ауыр соққыларына жауап беруден қалған Митчеллді шаршы алаңның бұрышындағын секунданттары арашалап қалды. Жерлестері алдында өзінің кәсіпқой бокстағы алғашқы чемпиондық атағын жеңіп алған Шүменов, араға үш ай салып, шаршы алаңға қайта көтерілмек. Бұл жолы қазақ боксының мақтанышы, ең мәртебелі тұжырымының бірі саналатын Бүкіләлемдік бокс ұйымының чемпиондық белбеуі үшін бақ сынайды. Оның қарсыласы - испандық боксшы Габриэль Кампильо. Шаршы алаңда 18 кездесу өткізген Кампильо, әлі күнге жеңілістің ащы дәмін татып көрмепті. Алты қарсыласын нокаутпен ұтып, екі жекпе-жекті тең аяқтаған.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.