{metadescription}
Астанада ауаны ластайтын жүк көліктерімен күрес мықтап қолға алынды
Астанада ауаны ластайтын жүк көліктерімен күрес мықтап қолға алынды

Астанада ауаны ластайтын жүк көліктерімен күрес мықтап қолға алынды

Бүгіннен бастап, Астанада ауаны ластайтын жүк көліктерімен күрес мықтап қолға алынды. Бас қаланың көшелері енді күн сайын арнайы құрылғылармен жабдықталған жылжымалы зертханамен бақыланатын болады.

Жалпы жыл басынан бері Елордада 2 мыңнан аса автокөлік мөлшерден тыс улы газ шығарғаны үшін уақытша тұраққа қойылған. Оларға ақауды жойғаннан кейін ғана жолға шығуға рұқсат беріледі. Сондай-ақ, қаланы қара түтінге көміп кететін көліктері бар 59 компанияның басшылары жауапқа тартылыпты. Ауаға шығарылатын улы газдың мөлшері 40-50 пайыздан асса, жүргізуші 5 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл төлейді. Ал бұл жағдай қайталанатын болса, 20 айлық есептік көрсеткіш бойынша айыппұл салынады. Ал үшінші рет тұраққа қойылады.

Нұрділдә Ораз, Астана қалалық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі:

- Қазір елімізде көптеген ескі машиналар бар. «Еуро-2» -ге байланысты тыйылды. 2000-жылдан бастап шығарылған көліктер енгізіледі дедік. Қалған машинаның бәріне тыйым сала алмаймыз ғой. Сондықтан олардың осы моторларын, қозғалтқыштарын тексеру арқылы ғана реттей аламыз.

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.