{metadescription}
Қазақ тамақтану академиясының мамандары мектеп оқушыларына жаңа ас мәзірін белгіледі
Қазақ тамақтану академиясының мамандары мектеп оқушыларына жаңа ас мәзірін белгіледі

Қазақ тамақтану академиясының мамандары мектеп оқушыларына жаңа ас мәзірін белгіледі

Бастауыш сынып оқушыларына ботқа мен нанның орнына киви мен банан берілмек. Қазақ тамақтану академиясының мамандары мектеп оқушыларына жаңа ас мәзірін белгіледі. Олар дәстүрлі тағамдардың бәрін дәрумені мол асқа алмастырды. Бірақ жаңа бастаманы барлық мектептер бірдей мақұлдап отырған жоқ.

Қазақ тамақтану академиясының мамандары: «Оқушыларға ұсынылған ас мектеп асханасындағынан гөрі, мейрамханадағы тамаққа көбірек ұқсайды. Олардың ұсынып отырған тізімінде – көкөністен жасалған рагу, палау, балық, одан қалса, сүт-сүзбелер мен экзотикалық жеміс-жидек түрлері: киви, банан бар. Ең қызығы, диетолог мамандар оқушыларды осылай тамақтандыру үшін күніне 200 теңге жеткілікті деп отыр», -дейді..

Мұса Айтжанов, Қазақ тамақтану академиясының рационалды тамақтандыру зертханасының меңгерушісі:

- Қазіргі балаларға, әсіресе ахуалы төмен отбасында тамақ жетіспейтіні белгілі ғой. Ет, сүт, балық деген сияқты. Көкөніс шырыны, балық алуға кейбірінің ақшасы жетпейді. Сондықтан үкіметтің бөліп отырған ақшасын дұрыс пайдалану үшін жемістерді де қосып отырмыз.

Экзотикалық жеміс-жидектен тұратын ас мәзірін тек Алматы қалалық әкімдігі қолдады. Өскемен, Қарағанды және Павлодар қалаларының өкілдері ұсыныстың әлі де қарастырылатынын жеткізді. Ал қалған аймақтардың мектептерінде деликатес тұрмақ, асхана да жоқ. Оған қоса, еліміздегі 118 мектеп апатты жағдайда тұр.

Елшібай Мұстапаев, Республикалық санитарлық эпидемиологиялық қадағалау станциясының бөлім меңгерушісі:

- Қабырғалары ескірген, едендері тозған, шатырларынан су аққан мектептер ғой. Су құбырлары, канализациясы, ішкі әжетханалары, асханалары жоқ. Соның бәрі апаттық жағдайда деп есептеуге болады. Апаттық жағдайда тұрған мектептердегі оқушыларды жаңа мектептерге ауыстыру мәселесі күнделікті күн тәртібінен түспей тұр.

Бір апта ішінде 800-ге жуық мектептің күрделі жөндеу жұмыстары аяқталуы тиіс. Сондықтан жаңа оқу жылында, бастауыш мектеп оқушыларына экзотикалық жеміс-жидек түгілі, шәй мен ботқа да берілмейді.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде