{metadescription}
АҚШ-та жалған доллармен ұсталған екі қазақстандық студент елге қайтып келетін болды
АҚШ-та жалған доллармен ұсталған екі қазақстандық студент елге қайтып келетін болды

АҚШ-та жалған доллармен ұсталған екі қазақстандық студент елге қайтып келетін болды

Отанына аман-есен оралу. АҚШ-та жалған доллармен ұсталған екі қазақстандық студент елге қайтып келетін болды. Бүгін олардың ата-аналары айыптың алынып тасталғанын хабарлады. Бұны еліміздің Сыртқы істер министрлігінің қызметкерлері де растады.

Естеріңізге салсақ, қарағандылық студенттер Әлібек Тайлақов пен Александр Кустовскийді АҚШ полициясының қызметкерлері Массачусетс штатының Чатем қаласында биылғы 10-шілдеде ұстаған еді. Олардың пәтерін тінту кезінде екі компьютер, принтер және 20, 100 долларлық көптеген жалған ақша табылды. Ал студенттер бұл ақшаларды жәй әншейін жасағандарын, оларды пайдаланбағандарын айтқан. Олар темір торда ұзақ отырған жоқ. Ата-аналары кепілдікке ақша беріп, шығарып алған соң, олар сотқа дейін еркіндікте жүрді. Ал кеше сот қазақстандықтарға тағылған айыптарды алып тастапты. Олар жақын күндері елге оралады деп күтілуде.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде