{metadescription}
Еліміздің кәсіпкерлері қаржы полициясының іс-әрекеттеріне  алаңдаушылық білдіруде
Еліміздің кәсіпкерлері қаржы полициясының іс-әрекеттеріне  алаңдаушылық білдіруде

Еліміздің кәсіпкерлері қаржы полициясының іс-әрекеттеріне алаңдаушылық білдіруде

Еліміздің кәсіпкерлері тағы да Үкіметтен жәрдем сұрап отыр. Себебі, дағдарыс ауыртпалығымен қатар, қаржы бақылау орындары тарапынан тексеру шаралары күшейіп кеткен.

Олардың айтуынша, қадағалау органдарының шектен шыққаны соншалық, олар кәсіпкерлерді тәуліктің кез-келген мезгілінде, тіпті түнде де шақырып алуды әдетке айналдырған. Экономикалық дағдарысқа және ел бюджетіне түсетін салық мөлшерінің азайып кетуіне байланысты салықтан жалтарған жалған кәсіпкерлермен күрес күшейтілді. Әйтсе де, көлеңкелі кәсіппен айналысқандардан ақша алу мүмкін емес. Сол себепті салық олармен әріптес болған өзге кәсіпкерлерден алынуда. Қаржы полициясы қызметкерлері жыл басынан бері 100 жалған фирманың жұмысын тоқтатқанын айтады. Бірақ одан таза жұмыс істеп жатқан қанша кәсіпкердің зардап шеккені белгісіз. Іскер азаматтар жалған кәсіпкерлікке қатысты заңның дәл осылай іске асырылуы «бизнесті батпаққа батырады» деп дабыл қағуда.

Алмас Асылбеков, кәсіпкер:

- Дағдарысқа байланысты бюджетті толтыру керек; осындай нұсқау болған. Міне, сол себепті, салық саласының қызметкерлері жоспарды орындауға барынша тырысып жатыр деп ойлаймын.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.