{metadescription}
Қазақстан азаматтарына жеке куәліктің жаңа үлгісі беріле бастады
Қазақстан азаматтарына жеке куәліктің жаңа үлгісі беріле бастады

Қазақстан азаматтарына жеке куәліктің жаңа үлгісі беріле бастады

Қазақстан азаматтарына жеке куәліктің жаңа үлгісі беріле бастады. Оның басты ерекшелігі – электронды құжат болып табылады. Жеке азамат жөніндегі барлық ақпарат чипке енгізілген. Бүгін Әділет министрлігінде халықаралық талаптарға сай жасалынған жаңа куәлік көпшілік назарына ұсынылды.

Жаңа куәлікті екі күн ішінде мыңнан аса азамат алып үлгірген. Оның құны 254 теңгені құрады. Электронды құжат азаматтарға бірден 10 жылға беріледі. Ал қазіргі куәлікті мерзімі біткенге дейін қолдануға рұқсат етіледі. Құжаттың сыртқы пішіні де бірқатар өзгерістерге ұшыраған. Біріншіден, көлемі жағынан банк карталарындай ғана, сырты қазақтың оюларымен безендірілген. Халыққа қызмет көрсету орталықтарында бұл куәліктің ақпаратын оқи алатын арнайы қондырғылар орнатылады. Азаматтар өздері жөніндегі мәліметті енді қағазға толтырып, әуре болмайды. Бастысы, жаңа куәлік Қазақстан азаматына өзге елдерде де емін-еркін жүруіне мүмкіндік бермек.

Марат Шабақбаев, ҚР Әділет министрлігі, Тіркеу қызметі және құқықтық көмек көрсету комитетінің төрағасы:

- 2010 жылға дейін осындай құжатты шығарамыз деп 180 мемлекет келіскен. Бізге қойылған міндеттерді атқардық. Қазіргі уақытта бұл құжат ТМД арасында жүруі тиіс.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде