{metadescription}
Жетіген елдімекенінде қызметтесін өлтірді деген күдікті офицерді іздестіру шаралары жалғасуда
Жетіген елдімекенінде қызметтесін өлтірді деген күдікті офицерді іздестіру шаралары жалғасуда

Жетіген елдімекенінде қызметтесін өлтірді деген күдікті офицерді іздестіру шаралары жалғасуда

Алматы облысының Жетіген елдімекеніндегі әскери әуе күштері бөлімінде қызметтесін айуандықпен өлтірді деген күдікті офицер Жақыпбек Раушанбекті іздестіру шаралары жалғасуда. Бүгін бізге Бас әскери прокуратура күдіктінің суретін көрсетті.

Раушанбек Жақыпбек Раушанбекұлы 1977 жылы Қызылорда облысында туған. Қазір оған «аса қатыгездікпен адам өлтірді» деген айып тағылып отыр. Бұған дейін хабарлағанымыздай, сенбі күні аталған әскери бөлімде 23 жастағы лейтенант Мұхамедияр Айтмағамбетов өлтірілген еді. Із-түзсіз жоғалып кеткен оның әріптесі Жақыпбек Раушанбекке іздеу жарияланды. Бір күннен кейін күдіктінің жанұясы тұратын Алматыдағы пәтерде газ баллоны жарылып, екі баласы мерт болды. Бұған қоса, пәтерде болған тағы бір балалы әйел көз жұмды. Мәліметтер бойынша, оның күйеуі бұрын күдіктімен бірге бір әскери бөлімде қызмет еткен. Сондай-ақ, пәтерден діни бағыттағы кітаптар табылғаны мәлім болды. Әйтсе де, бұл екі оқиғаның арасында байланыс бар ма, жоқ па, ол жағы беймәлім. Әзірге, тапаншаны иемдену үшін өлтірді деген басты болжам бар.

Болат Тазабеков, ҚР Бас әскери прокуратурасының ресми өкілі:

- Алматы әскери тергеу басқармасы, Қапшағай әскери тергеу басқармасы, солардан құрылған топ бар. Сол болжамдар бойынша жұмыс істеп жатыр. Бірақ сол адам қылмысқа кінәлі деп айту әлі ерте.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде