{metadescription}
Үндістанның Корба қаласындағы алюминий зауытында болған төтенше оқиғадан ондаған адам қаза тапты
Үндістанның Корба қаласындағы алюминий зауытында болған төтенше оқиғадан ондаған адам қаза тапты

Үндістанның Корба қаласындағы алюминий зауытында болған төтенше оқиғадан ондаған адам қаза тапты

Үндістанның Корба қаласындағы алюминий зауытында болған төтенше оқиғадан ондаған адам қаза тапты. Зауыттың 100 метрлік мұржасы опырылып, 80-нен астам жұмысшыны басып қалған. Әзірге құтқарушылар үйінді астынан тек 31 адамның мәйітін аршып шығарды.

Тағы 200-ге тарта адам түрлі дене жарақаттарымен ауруханаға жеткізілген. Олардың көбінің жағдайы ауыр. Қайғылы оқиға орын алған кезде зауытта 300 жұмысшы болған. Құтқару жұмыстары әлі де жалғасуда. Қазір апаттың себебін анықтау үшін үкіметтік арнайы комиссия құрылды. Билік өкілдері марқұмдардың туыстарына қаржылай көмек көрсетілетінін мәлімдеді. Үндістанда өндіріс және құрылыс орындарында қауіпсіздік ережелерінің сақталмауынан, осындай қайғылы оқиғалар жиі тіркеледі.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде