{metadescription}
Экипаж құрамында туристері бар Байқоңырдан ұшырылған ғарыш кемесі жер орбитасына шықты
Экипаж құрамында туристері бар Байқоңырдан ұшырылған ғарыш кемесі жер орбитасына шықты

Экипаж құрамында туристері бар Байқоңырдан ұшырылған ғарыш кемесі жер орбитасына шықты

Бүгін Байқоңырдан “Союз ТМА-16” ғарыш кемесі халықаралық ғарыш станциясына бағыт алды. Онда кезекті турист бар. Бейресми мәлімет бойынша, ғарышқа сапарға аттанған жетінші турист 35 миллион доллар төлеген екен.

Ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін Қазақстан мен Ресейдің іздеу-құтқару қызметінің 20 ұшағы мен тікұшағы жұмылдырылды. Астана уақытымен сағат 13.15-те ғарышқа аттанған экипаж құрамында 3 адам бар. Олар: ресейлік Максим Сураев, АҚШ астронавты Джефри Уильямс және турист, канадалық миллиардер, “Дю-Солей” циркінің иесі - Ги Лалиберте. Турист ғарышқа арнайы тапсырмамен бара жатыр. Бұл сапар аясында ол әлемдегі су тапшылығы мәселесіне Жер тұрғындарының назарын аудармақ. Санаулы күндері “Союз” ғарыш кемесі бағыт алған жеріне жетеді. Экипаж мүшелері бір апта бойы қазір сол жерде жүрген ресейлік ғарышкерлермен бірге жұмыс істейді. Ал қазанның 11-інде сонда жүрген 2 ғарышкер миллиардер туриспен бірге Жерге қайтып оралады.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.