{metadescription}
Петропавл: тұрмысы төмен  отбасылары  мен зейнеткерлерге жасалған  қайырымдылық шарасының  соңы дауға ұласты
Петропавл: тұрмысы төмен  отбасылары  мен зейнеткерлерге жасалған  қайырымдылық шарасының  соңы дауға ұласты

Петропавл: тұрмысы төмен отбасылары мен зейнеткерлерге жасалған қайырымдылық шарасының соңы дауға ұласты

Петропавлдық шенеуніктердің тұрмысы төмен отбасылары мен зейнеткерлерге жасаған кезекті қайырымдылық шарасының соңы үлкен дауға ұласты. Арзан бағамен тауар сатуға бағытталған «Шапағат» коммуналды дүкендерін ашқан атқамінерлер қазынаның 75 миллион теңгесін жоқ қылып жіберген. Оған қоса, ол жерлердегі азық-түліктің бағасы өзге сауда орындарынан да қымбат болып шықты. Жалған қайырымдылықтың шапағаты кімге тигенін тілшіміз Гүлмира Тасболатқызы анықтады.

«Шапағат» көтерме сауда орталығы мен онымен аттас дүкендер желісі Петропавлда осыдан бір жыл бұрын ашылған болатын. Алғашында мұндағы азық-түлік қалалық әкімдік дайындаған тізім бойынша тұрмысы төмен отбасылар мен зейнеткерлерге арзан бағамен сатылатын. Бірақ араға аз уақыт салып, қайырымдылық дүкендеріндегі баға өзге сауда орындарымен теңесті.

Анастасия Распопова, қала тұрғыны:

- Әрине дүкендегі бағаны көріп, көңіліміз түседі. Өзге сауда орталықтарынан еш айырмашылығы жоқ. Қайта кейбір азық- түліктің бағасы тіпті қымбат.

«Шапағаттағы» тауар қымбаттығы өз алдына, талайдан сатылмай тұрған азық- түліктің сапасы да күмән келтіреді. Сондықтан мұнда келіп сауда жасайтындардың қатары сирек.

Есесіне, осы сауда орындарының құрылысына қазынадан қыруар қаржы жұмсалған. Ұлттық қауіпсіздік комитеті қызметкерлерінің мәліметінше, 75 миллион теңге мемлекет қаржысы талан-таражға түскен.

Құрманғали Жармағамбетов, СҚО Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаменті тергеу бөлімінің бастығы:

- Қалалық әкімдіктегілер «Шапағат- милосердие» деген атпен жаңа серіктестік құрған. Оның жарғы капиталын толықтыруға 75 миллион теңге бюджеттен бөлінген. Бірақ қаржы игі мақсатқа жұмсалмай,талан-таражға түсіп отыр. Қазір бұл іске кімдердің қатысы барын анықтап жатырмыз.

Ұлттық қауіпсіздік комитеті бұл іске қатысты қылмыстық іс қозғады. Облыстық прокуратураның тексерісінен кейін заңсыз құрылған серіктестік әзірге 15 миллион теңгені қазынаға қайтарды. Қалған қаржы жыл соңына дейін бюджетке түсуі тиіс. Дегенмен шенеуніктердің өз кінәсін мойындайтын түрі жоқ.

Валерий Лопатко, Петропавл қалалық әкімдігі аппарат жетекшісінің міндетін атқарушы:

- Бұл қаржы жымқырылған жоқ. Тек еш тендерсіз серіктестіктің шотына аударылып, игерілді. Біздің кінәміз - байқау өткізбегенімізде ғана.

Бұл қылмыстық іске қатысты құжаттарда қала әкімі Ерік Нұрақаев пен оның орынбасары Бейсенбі Тәженовтің қолы тұр. Бірақ екі шенеуніктен жауап алу қазір мүмкін емес дейді құзырлы орган қызметкерлері. Әкім мен оның орынбасары аяқ астынан «науқастанып» қалыпты.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.