{metadescription}
СҚО: Мамлют орта мектебінің уланған оқушыларына қойылған диагнозды дәрігерлер енді теріске шығарып отыр
СҚО: Мамлют орта мектебінің уланған оқушыларына қойылған диагнозды дәрігерлер енді теріске шығарып отыр

СҚО: Мамлют орта мектебінің уланған оқушыларына қойылған диагнозды дәрігерлер енді теріске шығарып отыр

Өткен аптада СҚО-ның Мамлют қазақ орта мектебінің 11 оқушысы белгісіз заттан уланды деген күдікпен ауруханаға түскен еді. Оларды жан-жақты тексерген дәрігерлер енді өздері қойған алғашқы диагнозды теріске шығарып отыр.

Естеріңізге сала кетейік, өткен бейсенбі күні кешкісін интернатта тұрып жатқан 11 бала аяқ астынан науқастанып қалады. Бастары айналып, іші ауырған оқушылар дереу аудандық ауруханаға жеткізілді. Бұл оқиға кешкі тамақтан кейін орын алғанымен, дәрігерлер астан уланды деген күдікті теріске шығарды. Ауруханаға түскен балаларды құрамында нарколог- маманы бар дәрігерлік консилиум жан-жақты тексерді. Бұл оқиға облыстық Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бақылауына алынған еді. Бірақ бүгін дәрігерлер балалар белгісіз заттан уланды деген тоқтамдарынан бас тартып отыр. Мамандардың айутынша, оқушылар жаппай неврозға ұшыраған. Аяқ астынан талмасы ұстап қалған достарының жағдайын көрген олар, қатты қорыққан. Шошынғандардың арасында бірде-бір қыз бала болмағанын қазір дәрігерлер анықтап жатыр. Ал ауруханаға жатқызылған оқушылар бір тәуліктен соң үйлеріне жіберілді.

Лариса Беляева, СҚО Денсаулық сақтау департаментінің баспасөз хатшысы:

- Балалардың денсаулығына алаңдайтындай ештеңе болған жоқ. Дәрігерлер шынында да оқушыларың жүйке жүйесі сыр берді деп отыр. Ауруханаға жеткізілген балалардың жағдайы араға аз уақыт салып түзелді.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде