{metadescription}
Бүгін Ұлыбритания премьер-министрі Гордон Браун жеке басына жұмсаған үкімет қаржысын кері қайтаратыны жөнінде мәлімдеме жасады

Бүгін Ұлыбритания премьер-министрі Гордон Браун жеке басына жұмсаған үкімет қаржысын кері қайтаратыны жөнінде мәлімдеме жасады. Жергілікті баспасөз құралдарының хабарлауынша, мемлекет есебінен баспанасын жөндетіп, үй қызметкерлерінің жалақысын төлеген премьер үшін, бұл қадам - саяси абыройын сақтап қалудың бірден-бір жолы болды. Естеріңізге салсақ, биылғы жазда Браун мен оның қасындағы бірқатар министрлер мемлекет қаржысын жеке мақсаттарына жұмсады деп айыпталған болатын.

Тәуелсіз аудиторлардың есебі бойынша, Гордон Браунның мемлекет алдындағы берешегі аса көп емес- 12 мың 415 фунт стерлинг. Бұл сома үкімет басшысының айлық жалақысымен пара-пар. Мемлекет қаржысын мақсатсыз жұмсағандар қатарында Брауннан басқа оншақты лауазымды тұлғалар да бар. Ең қызығы олардың арасында лейбористердер ғана емес, олардың басты саяси қарсыластары консерваторлар да кездеседі. Енді саяси сарапшылар, соңғы жарты жылдың ішінде халық арасындағы беделі 30 пайызға құлдырап кеткен Гордон Браунның саяси болашағына күмәнмен қарап отыр. Бұл Ұлыбритания билігін басқарып отырған тұлға үшін, соңғы 25 жыл ішіндегі ең төменгі көрсеткіш.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде