{metadescription}
Қарағанды облысында жол апатынан тоғыз адам қаза тапты
Қарағанды облысында жол апатынан тоғыз адам қаза тапты

Қарағанды облысында жол апатынан тоғыз адам қаза тапты

Бүгін таңға жуық Қарағанды облысында болған жол апатынан тоғыз адам қаза тапты. Көз жұмғандардың барлығы – Қырғызстан азаматтары.

Апат Балқаш қаласынан 60 шақырым жерде, Алматы-Екатеринбург бағытындағы тас жолда орын алды. “Тойота” шағын автобусының аударылуы салдарынан сегіз адам бірден көз жұмып, біреуі ауруханаға бара жатқан жолда жедел жәрдем көлігінде қаза тапты. Жарақат алған екі адам қазір аурухананың жан сақтау бөлімінде жатыр. Көлік Ресейдің Омбы облысынан Қырғызстанға қарай бет алған. Бір болжам бойынша, оның жолаушылары Ресейден нәпәқа тауып, еліне қайтып бара жатқан екен. Жолаушылардың барлығы – Қырғызстанның Ош облысының тұрғындары. Қаза тапқан азаматтардың аты-жөндері анықталып, туған-туыстарына хабарланды . Алдын-ала болжам бойынша, көліктің апатқа ұшырауына оның артқы дөңгелегіндегі ақау себеп болған.

Дәулет Ысқақов, Қарағанды облыстық ІІД жол полициясы басқармасының аға қызметкері:

-Тексеру кезінде оның артқы дөңгелегінің атылғаны байқалған. Және оқиға орнын тексере келген кезде, автокөліктің артқы орындықтарының жоқтығы анықталды. Соған қарағанда жүргізуші көлікті рұқсатсыз қайта жабдықтағанын байқауға болады. Бұл заңды бұзғандық болып саналады.

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.