{metadescription}
“Қазақстанның жаңа таланттары” қозғалысы мен «Өмір айна» және Қазақстан көшбасшылары қорлары қайырымдылық концертін өткізді

“Жақсылық жасағанның – көсегесі көгерер”. “Қазақстанның жаңа таланттары” қозғалысы мен «Өмір айна» және Қазақстан көшбасшылары қорлары Республика сарайында қайырымдылық концертін өткізді.

Белсенділерді елімізге еңбегі сіңген қайраткерлер - Асанәлі Әшімов, Бибігүл Төлегенова мен шахматтан әлем чемпионы 8 жастағы өнерпаз Жансая Әбдімәлік те қолдап, игі іске өз үлесін қосты. Қайырымдылық кешінен түскен қаржы жүрек аурулары мен ақ қан ауруына шалдыққан науқас балалардың қорына аударылады. Бүгінде елімізде осындай науқасқа шалдыққан балалардың саны мың жарымға жуық. Дегенмен концерт ұйымдастырушылары: “Қорға қаржы жинау басты мақсат емес, ең бастысы - халыққа қайырымдылықтың маңыздылығын жеткізу”, - дейді. Концерт шымылдығы жасөспірімдер хорының әсем әнімен ашылып, эстрада жұлдыздарының ән шашуымен жалғасты.

Фархат Әбдірашитов, актер:

- Қайырымдылық ақшамен өлшенбейді, бүгінгі кеште біз қонақтарға осыны жеткізгіміз келді. Және әртістер мұндай шараға немқұрайлылық танытпауы керек деп ойлаймын.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде