{metadescription}
Өткен сенбі және жексенбі күндері елімізде болған жол апаттарынан 27 адам қаза тапты
Өткен сенбі және жексенбі күндері елімізде болған жол апаттарынан 27 адам қаза тапты

Өткен сенбі және жексенбі күндері елімізде болған жол апаттарынан 27 адам қаза тапты

Өткен демалыс күндері елімізде жол апаттарынан 27 адам қаза тауып, 120 тұрғын жарақаттанды. Сенбі күні 51 жол апаты тіркеліп, 14 адам қаза болса, жексенбіде болған 50 оқиға салдарынан 13 адам көз жұмды.

Жол апаттарының орын алуына көбінесе темір тұлпарға мас күйінде отырған жүргізушілер кінәлі. Мәселен, кеше түнде мас жүргізуші жол полициясы инспекторын қағып кетті. Абырой болғанда, полиция қызметкері аман қалды. Ал “Жол жүру қауіпсіздігі” деген атпен соңғы күндері өткізілген іс-шараның нәтижесі бойынша 63 мың жүргізуші жол ережесін бұзған. Олардың 15 мыңы жылдамдықты арттырғаны үшін жауапқа тартылса, 3 мың жүргізуші көлікті мас күйінде айдағаны үшін куәліктерінен айрылды. Сонымен қатар 2 мың жаяу жүргінші жол ережесін бұзғандары үшін әкімшілік жауапқа тартылды. Елімізде жыл басынан бері 8700-ге жуық жол апаты болған. Соның салдарынан 2 мыңнан аса адам қаза тапты.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

29 мамыр

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде