{metadescription}
Латвия: Мазсалаце қалашығының маңына белгісіз аспан денесі құлады
Латвия: Мазсалаце қалашығының маңына белгісіз аспан денесі құлады

Латвия: Мазсалаце қалашығының маңына белгісіз аспан денесі құлады

Кеше Латвияның Мазсалаце қалашығының маңына белгісіз аспан денесі құлады. Мамандар метеорит деп болжап отырған жалын шарпыған тас тұрғын үйлердің үстіне құлауға шақ қалыпты. Абырой болғанда, оқиға орнында зардап шеккендер жоқ.

Аспан денесінің құлаған жерінде ені - 20 метр, тереңдігі 10 метрлік шұңқыр пайда болды. Мамандардың болжауынша, құлаған метеориттің ені кем дегенде, бірнеше метр болуы тиіс Қазір оқиға орнында ғалымдар зерттеу жүргізіп, аспан денесінің түр-түсін анықтауда. Әзірге жақын маңайдағы тұрғындар мен қызығушылық танытқан жұртшылыққа оқиға орнына жақындауға тыйым салынған. Оған қоса, метеорит құлаған ауданда радиация қалыптық мөлшерінен бірнеше есе асып кеткен.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде