{metadescription}
Ирак: Бағдатта болған жарылыстарға қатысы бар деген күдікпен бірнеше адам тұтқындалды
Ирак: Бағдатта болған жарылыстарға қатысы бар деген күдікпен бірнеше адам тұтқындалды

Ирак: Бағдатта болған жарылыстарға қатысы бар деген күдікпен бірнеше адам тұтқындалды

Иракта Бағдатта болған жарылыстарға қатысы бар деген күдікпен бірнеше адам тұтқындалды. Соңғы ақпараттарға сәйкес, қастандықтан 147 адам қаза тауып, 800-ге жуығы жараланған. Бұл соңғы жылдар ішінде болған ең ірі жарылыс. Осыған байланысты елде үш күн аза тұтылады. Әзірге билік өкілдері бұған дейін жергілікті ақпарат құралдары жариялаған шетелдік дипломаттардың қазасы жөніндегі мәліметті растаған жоқ.

Қазір жарылыстан қатты зардап шеккен Бағдат орталығындағы әкімшілік ғимараттарды қалыпқа келтіру жұмыстары жүргізілуде. Полицияның мәліметінше, ланкестер жарылғыш құралды көлікте іске қосқан. Алғашқы жарылыстан Әділет министрлігі ғимаратының жартысы қираса, екінші қастандықтан әкімшілік кеңсесі зардап шеккен. Жексенбі Иракта жұмыс күні болғандықтан, қаза болғандардың арасында Ирак билігінің жоғары лауазымды бірнеше өкілдері де бар. Айта кету керек, елде екі айдан соң парламент сайлауы өтуі тиіс. Сондықтан АҚШ әскери басшылығы қауіпсіздік шараларын күшейту мақсатында Бағдат пен тағы бірнеше ірі қалада әскери техника мен жауынгерлер санын көбейтуді жоспарлап отыр.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде