{metadescription}
Өскеменде осыдан 1 ай бұрын жоғалған 2 жастағы қыздың мәйіті  табылды
Өскеменде осыдан 1 ай бұрын жоғалған 2 жастағы қыздың мәйіті  табылды

Өскеменде осыдан 1 ай бұрын жоғалған 2 жастағы қыздың мәйіті табылды

Өскеменде осыдан 1 ай бұрын жоғалған 2 жастағы қыздың мәйіті өзеннен табылды. Сәбидің денесін қалқымалы көпір маңынан жергілікті балықшы байқаған. “Настя Марилова - осы жазда суға кетіп, мерт болған 15-ші бала” - дейді судан құтқару қызметінің мамандары.

Настя Марилова 26-қыркүйекте аулада ойнап жүрген жерінен жоғалып кеткен. Аблакетка ауданындағы саяжайға демалуға барған әке-шешесі бар болғаны 5 минуттың ішінде баласынан көз жазып қалған. Төтенше жағдайлар қызметі саяжай Ертіске жақын болғандықтан, сәби суға кетуі мүмкін деген болжам айтқан еді. Алайда құтқарушылар он күн бойы суды сүзіп, түк таппады. Өкініштісі, көріпкелдердің айтуымен баласы тірі деп сеніп келген ата-ананың үміті бір айдан соң үзілді. Настяның денесін өткен жексенбіде жергілікті балықшылардың бірі тапты.

Назгүл Раисова - ШҚО «Судан құтқару қызметі» мемлекеттік мекемесінің әдіскері:

- Кеше, яғни 25-ші қазанда қаламыздағы көпірдің маңында кішкентай баланың денесі табылды. Бүгін ол баланың денесі жоғалған екі жастағы қыз екені анықталды.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде