{metadescription}
Жапония жерлеу рәсімін жаңа технологиямен алмастырмақ
Жапония жерлеу рәсімін жаңа технологиямен алмастырмақ

Жапония жерлеу рәсімін жаңа технологиямен алмастырмақ

Жапония жерлеу рәсімін жаңа технологиямен алмастырмақ. Елдегі жер тапшылығын ескерген ғалымдар зираттарды көпқабатты етіп жасауды қолға алды.

Алты қабаттан тұратын ғимаратта қаза тапқан адам жерленбейді. Марқұмның мүрдесі мәрмәр табытта, арнайы жабдықталған сақтау орнына қойылады. Өнертапқыштар осындай зират орталығына кемінде 100 мың адамның денесін сақтауға болатынын айтады. Сондай-ақ, қаза тапқан адамды еске алушы ұрпағына да жағдай жасалған. Яғни ондағы кездесу алаңына келіп, арнайы карточкамен құнын төлесе, роботтар іздеген адамның табытын арнайы көрсету терезесіне әкеледі. Бірақ зираттан орын сатып алудың өзі қып-қызыл ақша. Мәрмәр табыттың құны - 8 мың доллар. Ол жерде марқұмды сақтау үшін жылына тағы 170 доллар салық төлеу керек.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

30 мамыр

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.