{metadescription}
Ақтөбе облысындағы Қандыағаш қаласының тұрғындары жергілікті спирт зауытынан шыққан қалдыққа «тұншығып» отыр
Ақтөбе облысындағы Қандыағаш қаласының тұрғындары жергілікті спирт зауытынан шыққан қалдыққа «тұншығып» отыр

Ақтөбе облысындағы Қандыағаш қаласының тұрғындары жергілікті спирт зауытынан шыққан қалдыққа «тұншығып» отыр

Ақтөбе облысындағы Қандыағаш қаласының тұрғындары жергілікті спирт зауытынан шыққан қалдыққа «тұншығып» отыр. Мұндағы жұрт осы мәселені көтеріп, талай құзырлы орындардың табалдырығын тоздырғанымен, құлақ асып жатқан ешкім жоқ. Бұл түйткілді тұрғындар жақында елбасымен болған тікелей эфир кезінде президенттің өзіне де жеткізген.

Мұғалжар ауданы орталығына кірген сәтте күлімсі иістен тұншығып қаласың. Жергілікті тұрғындар бұған шыдамасқа амалдың жоқтығын айтады.

-Он алты шақырым жерде ауыл бар. Оған дейін иіс соған дейін жетеді. Он алты километрге дейін.

- Қиын. Әсіресе балаларға. Олар ауру болып туып жатыр. Экология қатты әсер етеді. Таңертең, кешке иіс қатты шығады.

- Жазды күні ыстық. Терезенің барлығын жабамыз иіс шыққан кезде. Отырамыз ішінде. Амал жоқ. Қысты күні де шығады.

Тұрғындар осы мәселені айтып талай рет жергілікті биліктің табылдырығын тоздырған. Шенеуніктер болса, әзірге қолдарынан келер қайран жоқ дейді. Тек спирт шығаратын кәсіпорын басшыларымен келіссөздер жүргізумен тыйылып отыр.

Айболат Манепов, Қандыағаш қаласының әкімі:

-Мына спирт зауыттың иісі де кейде шығып қалады деп айтып жатыр. Өзімізде білеміз оны. Дегенмен үлкен жұмыс- спирт зауытының басшыларымен жүргізілуде.

Зауыт өкілдері болса, «лас иіске біздің еш қатысымыз жоқ, кәсіпорыннан шыққан қалдық барлық талаптарға сай көміледі» деп отыр. Олардың айтуынша, барлығына кінәлі Мұғалжар ауданы орталығындағы ескірген комуналдық жүйелер.

Сәуле Бекмұратова, спирт зауытының бас технологы:

-Барлығы қаладағы иісті спирт зауытынан дейді. Бірақ олай емес. Қала үлкейіп келеді. Комуналдық жүйелер көптен бері жөндеу көрмеген. Иіс сол жерден шығады.

Бірақ мұнымен жергілікті экологтар келіспейді. Себебі, бұған дейін кәсіпорыннан шыққан қатты қалдықтар қала сыртына төгіліп келген. Сасық иіс сол жақтан шығып жатыр дейді мамандар. Ал спирт зауытының басшылығы Германиядан арнайы қондырғы алдырып, қалдықтарды қайта өңдеуге уәде беріп отыр.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде