{metadescription}
Мұхтар Шаханов бастаған бірқатар қоғамдық ұйымдардың өкілдері «Қазақстандық ұлт» жасау идеясына наразылық білдіріп, алдағы күндері жаппай аштық жарияламақ
Мұхтар Шаханов бастаған бірқатар қоғамдық ұйымдардың өкілдері «Қазақстандық ұлт» жасау идеясына наразылық білдіріп, алдағы күндері жаппай аштық жарияламақ

Мұхтар Шаханов бастаған бірқатар қоғамдық ұйымдардың өкілдері «Қазақстандық ұлт» жасау идеясына наразылық білдіріп, алдағы күндері жаппай аштық жарияламақ

Ұлт тамырын жоймау керек! Бүгін Алматыда белгілі ақын, қоғам қайраткері Мұхтар Шаханов бастаған бірқатар қоғамдық ұйымдардың өкілдері батыл мәлімдеме жасады. «Қазақстандық ұлт» жасау идеясына түбегейлі наразы қазақ зиялылары алдағы күндері жаппай аштық жарияламақ.

Белсенді топ мүшелерінің айтуынша, осыдан екі апта бұрын олар осы тақырыпта 124 адам қол қойған ашық хатты билікке жолдаған болатын. Хатқа қол қойғандардың ішінде қазақ зиялылары, саясаткерлер және түрлі қоғамдық ұйымдардың өкілдері бар. Белсенді топ: «бізді 15 мыңнан астам адам қолдады, бірақ биліктегілер талабымызға құлақ аспай отыр»,- дегенді айтады. Оның орнына, Қазақстан халқы ассамблеясы талқылауға ұсынған “Ел бірлігі” доктринасын тездетіп қабылдап жіберуге күш салуда,- дейді Мұхтар Шаханов. “Американдық ұлт” идеясынан бастау алатын доктринаға қайраткер бұлтартпас дәлелдер арқылы қарсылық білдіріп отыр. Бұл, ең алдымен, ұлттың, тілдің жойылуына әкеп соғады дейді ол. Шахановты қолдап, белсенді азаматтардың бір тобы таяу күндері ас судан бас тартатыны жөнінде хабарлады. Олардың ішінде “Желтоқсан рухы” және “Желтоқсан ақиқаты” қозғалыстарының өкілдері, желтоқсан құрбандары Қайрат Рысқұлбеков пен Ләззат Асанованың аналары бастаған ақ жаулықтылар және әдебиеттанушы Мекемтас Мырзахметов бастаған ғалымдар бар.

Мұхтар Шаханов, “Мемлекеттік тіл” қоғамдық қозғалысының төрағасы:

-Қазақстан халқы ассамблеясы арқылы ұсынылып отырған “Ел бірлігі”- Қазақстандық ұлт доктринасына тоқтау салмайтын болса,17-ші желтоқсанда, яғни желтоқсан көтерілісіне 23 жыл толған күні ұлтының тілі жойылуына келіспейтін адамдармен бірге аштық жариялаймыз.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде