{metadescription}
Ақмола облыстық мәдениет сарайында өрт шықты
Ақмола облыстық мәдениет сарайында өрт шықты

Ақмола облыстық мәдениет сарайында өрт шықты

Ақмола облысының орталығында жаңа жылдың алғашқы жұмыс күні қызу басталды. Бүгін күндіз облыстық мәдениет сарайында өрт шығып, ғимаратқа айтарлықтай нұқсан келтірілді. Абырой болғанда, қаза тапқандар жоқ. Тілсіз жауды ауыздықтауға қаланың өрт сөндіру қызметі толықтай жұмылдырылды.

Өрт сөндірушілер оқиға орнына дер кезінде жеткенімен, қызыл жалын екінші қабаттағы бірнеше бөлмеге жайылып үлгерген. Әсіресе өрттен облыстық Мәдениет сарайы ғимаратында орналасқан орыс драма театры қатты зардап шекті. Театр басшылығының айтуынша, шығын мөлшері миллиондаған теңгеге жетуі мүмкін. Өрт шыққан кезде ғимарат ішінде бірнеше ғана адам болған, себебі театр ұжымына жаңажылдық қойылымдардан кейін демалыс жарияланған екен. Мамандар өйтпеген жағдайда апат салдары қайғылы жағдаймен аяқталуы мүмкін еді дейді. Ғимараттың терезелерін сындырып, қалың түтіннің арасымен ішке кірген өрт сөндірушілер театрдың сахналық костюмдері мен декорациясын сақтап қала алмады. Жыл соңында ғана театр әкімшілігі костюмдері мен декорацияны жаңалауға 3 миллион теңге жұмсапты. Қазір облыстың төтенше жағдай мамандары апаттың себептерін анықтауда.

Нұрболат Ілиясов, Ақмола облыстық Төтенше жағдайлар жөніндегі департаменті бастығының орынбасары:

- Екі кабинет жанып кетті: қойма меңгерушісінің және бас инженердің. Өрттің себептерін анықтау үшін арнайы топ жұмыс істеп жатыр.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

03 шілде

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.