{metadescription}
“Болашақ” орта мектебінде спорттық  жарыс басталды. Катар астанасындағы теннис турнирі. Дакар-раллидің төртінші кезеңі. Анголада футбол додасы жалауын көтермек
“Болашақ” орта мектебінде спорттық  жарыс басталды. Катар астанасындағы теннис турнирі. Дакар-раллидің төртінші кезеңі. Анголада футбол додасы жалауын көтермек

“Болашақ” орта мектебінде спорттық жарыс басталды. Катар астанасындағы теннис турнирі. Дакар-раллидің төртінші кезеңі. Анголада футбол додасы жалауын көтермек

Алматы қаласындағы “Болашақ” арнайы мамандырылған орта мектебінің ұжымы табалдырықтан енді аттаған Жаңа жылды спорттық жарыспен қарсы алды.

Жас ұрпақты дені сау, өскенде ел қорғайтын азамат болып өссін десек, салауатты өмір салтын кеңірек дәріптеген жөн. Алматы қаласындағы арнайы мамандырылған “Болашақ” орта мектебінің ұжымы осы орайда боулингтен есте қалатындай жарыс ұйымдастырды. Бұл байқаудың ерекшелігі- ұстаздар мен оқушылар бақ сынаған спорттық мерекеден ата-аналар да шет қалмады.

Мәрзия Тұрлыханова, “Болашақ” арнайы мамандырылған орта мектебінің директоры:

- Адамға ең бірінші денсаулық керек. Дені сау болса, барлық жұмысты меңгеріп кете алады. Сондықтан да отырып қалмай, қозғалыс керек. Спорт ойындарына бару керек. Бұл ойын адамның қимыл-қозғалысына, үлкен адамдардың тізесіне пайдалы. Доппен жығу деген де бізге оңай түсіп отырған жоқ.

Сын алаңында мергендік пен ептілік танытқан тарих пәнінің мұғалімі Шойбек Омаров бас бәйгені иемденсе, ата-аналар арасында көзге түскен Әтен Сейдәлиева екінші, ал үшінші жүлде бастауыш сынып мұғалімі Гүлжаһан Құдайқұловқа бұйырды. Қысқы демалыс кезінде есте қалатындай жарыстың ортасына түскен ата-аналар мен оқушылар мектеп ұжымына ризашылық айтып тарасты.

Катар астанасы Дохада жүлде қоры 1 миллион доллардан асып жығылатын теннис турнирі өтуде.

Әлемнің екінші ракеткасы испандық теннисші Рафаэль Надаль Дохадағы жарыстың алғашқы айналымында италиялық Симоне Болеллиден басым түсті. Мұндағы екі сеттегі бәсеке 6:3 есебімен пиренейлік теннисшінің пайдасына шешілді. Әлемдік рейтингтің лидері Роджер Федерер де жаңа маусымды сәтті бастады. Швейцария теннисінің мақтанышы 6:1 және 6:2 есебімен бельгиялық шебер Кристоф Рохусты айқын ұтты. Дохадағы турнирге жолы түскен жерлесіміз Михаил Кукушкин былтыр жылдың қорытынды додасында жеңімпаз атанған ресейлік теннисші Николай Давыденкоға есе жіберді. Бір сағат он үш минутқа жалғасқан бәсекенің нәтижесі - 6:2, 6:0. Катардағы дәстүрлі жарыстың жеңімпазы 11-қаңтар күні белгілі болмақ.

Темір тұлпардың құлағында ойнайтын шеберлер әйгілі Дакар-раллидің төртінші кезеңін артқа тастады.

Мотошабандоздар додасында “КТМ” маркалы мотоциклмен жарыс жолына шыққан испандық Марк Кома мәреге бірінші келді. Бүгінгі кезеңнің жеңімпазына екі секундтай ұтылған француз Давид Коста екінші,ал жалпы есепте көш бастап келе жатқан оның отандасы Сирил Депре бұл жолы үшінші орынды місе тұтты. Жол таңдамайтын автокөліктер арасында “Хаммер” мінген америкалық Робби Гордон үздік нәтиже көрсетті. Ол жарыс жолын 1 сағат 40 секундта жүріп өтсе, “БМВ” мінген француз Стефан Петер Ансель оған бары-жоғы 0,01 секунд ұтылды. Жалпы есепте үшінші орында келе жатқан катарлық Насер Аль Аттияның экипажы көмебеге үшінші жетті. Ал жалпы есептегі тізімде француз Стефан ПетерАнсель әзірге бәрінен алда тұр.

Алдағы жексенбі Анголада үлкен футбол додасы жалауын көтереді. Африканың үздік командасын анықтайтын дүбірлі жарысқа дайындалып жатқан ұлттық құрамалар, бұл күндері өзара жолдастық кездесулер өткізуде.

Сондай бәсекелердің бірінде Танзанияның бас командасы өз алаңында 0:1 есебімен Кот-д Иваурдан ұтылып қалды. Үзіліске санаулы минуттар қалғанда Эммануэль Эбуэден жеткен пасты баспен соғып торға түсірген Дидье Дрогба, Кот-д Ивуарға жеңіс сыйлаған жалғыз доптың авторы атанды. Вахид ХалилходЖИЧ баптап жүрген кот –Д ивуар футболшылары келесі жолдастық матчты ертең Руанда құрамасымен өткізеді.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.