{metadescription}
Еліміздің ОБСЕ-ге төрағалық ету құрметіне арналған жаңа пошта маркасы жарыққа шықты
Еліміздің ОБСЕ-ге төрағалық ету құрметіне арналған жаңа пошта маркасы жарыққа шықты

Еліміздің ОБСЕ-ге төрағалық ету құрметіне арналған жаңа пошта маркасы жарыққа шықты

Еліміздің Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына төрағалық етуінің құрметіне бүгін Алматыда жаңа пошта маркасы салтанатты түрде басып шығарылды. Таралымы шектеулі болғандықтан, ол тек аталған ұйымға мүше елдердің делегаттарына сыйға тартылмақ. Ал мәртебелі меймандардан артылған маркалар коллекционерлерге бұйырады. Жаңа пошта маркасы жайында Әйгерім Асқарқызы айтып береді.

Кеше - жаңа теңге, бүгін - жаңа пошта маркасы. Барлығы еліміздің Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына төрағалық етудің құрметіне жасалған тарту. Банкирлер бөрігін аспанға атып жатқанымен жаңа 1000 теңгелік банкнот көптің қолына әлі жете қойған жоқ. Ал жаңадан шыққан пошта маркасы болса, мүлдем қолданысқа түспейді. Өйткені ол ОБСЕ-ге мүше елдерден келген құрметті меймандарға тарту етіледі. Маркаға қызығушылық танытқандар оны тек коллекционерлердің қолынан немесе пошта бөлімшелерінен көре алады.

ОБСЕ-ге төрағалық етуіміздің құрметіне басылған маркада 4 түс қолданылған. Ортасында күн мен қыран құс бейнеленген. Номиналы - 230 теңге.

Дәурен Молдағалиев, “Қазпошта” АҚ-ның басқарма төрағасы:

- Бұл Қазақстанның филателистеріне қызықты нәрсе емес. Бұл пошта маркасы халықаралық ұйымның қонақтарына ұсынылады.

Жаңа марка 30 мың дана. «Бұл өте аз» - дейді филателистер. Олар таралымның шектеулі екенін біліп, маркаларды жалма-жан сатып алуға кірісті.

Александр Слащев, Қазақстан коллекционерлері одағының вице-президенті:

- Ең төменгі баға осында, пошта бөлімшесінде. Бүгін осы жерден 230 теңгеден бір бумасын сатып алып, кейін қымбат бағамен басқа коллекционерге сатамыз. Бұл топтама марка жинаушылар үшін де, еуропалық ұйымдарға қатысы бар дүниелерді жинаушылар үшін де таптырмас дүние.

Жаңа марканың дизайны бір жылдай талқыланып, тағы бір жыл уақыт оны басып шығаруға кеткен. Енді осы тарихи оқиғаның құрметіне тағы жаңа конверт пен пошталық штемпель шығару көзделіп отыр.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде