{metadescription}
Алматы әуежайында кешеден бері Тайланд бағытына 235 жолаушы ұша алмай жүр
Алматы әуежайында кешеден бері Тайланд бағытына 235 жолаушы ұша алмай жүр

Алматы әуежайында кешеден бері Тайланд бағытына 235 жолаушы ұша алмай жүр

Алматыда екі күннен бері Тайландқа 235 жолаушы кете алмай әлек болып жүр. Алматы-Утапао бағыты бойынша жолаушы тасымалдайтын “Скат” әуе компаниясының ұшағы техникалық жағдайларға байланысты ұшуға дайын емес. Бұл ұшақты екі күннен бері Тайландтағы қазақстандық демалушылар да күтуде. Біздің тілшіміз Меруерт Бауыржанқызы тиісті жеріне жете алмай жүрген жолаушылармен тілдесіп қайтты.

Алматы әуежайында кешеден бері Тайланд бағытына 235 жолаушы ұша алмай жүр. Олар бүгін әуежайға үшінші рет жиналды. “Скат” әуе компаниясының өкілдері болған жағдайды «техникалық олқылық» деп түсіндіреді.

Жолаушылар Тайландқа қаңтардың 5-і күні түнгі 2-де ұшу керек болатын. Бірақ ұшақты сапар алдында тексеру кезінде техникалық ақаулар анықталған. Басқа қалалардан келген жолаушылар жақын маңдағы қонақ үйлерге орналастырылғанымен, туристер «демалысқа жұмсаған ақшамыз зая кете ме» деп қорқады.

Юлия Квашнина, жолаушы:

- Кеше әуежайдың әкімшілігімен сөйлестік. Олар компания кез-келген ұшақты, кез-келген компаниядан жалға ала алады деп айтты. Біздің ойымызша, олар бұған ақша құйғысы келмейді. Өз ақшамызды өзімізге қимай отыр.

Әрбір жолаушы орта есеппен алғанда, 10 күндік демалысына мың жарым долларға дейін ақша жұмсаған. Ал компания басшылары билеттерді қайтару немесе моральдық шығынды өтеу туралы үн қатар емес.

Сергей Колебаев, “Скат” әуе компаниясының Алматыдағы коммерциялық кеңсесінің директоры:

- Ұшақтың агрегаты сынып қалды. Бұл техникалық ақау. Ол сайманын тез ауыстырып жүре беретін жердегі көлік емес қой. Агрегатты ауыстыру үшін арнайы мамандарды тартып жатырмыз. Бұл көп уақытты алады.

Шымкенттік әуе компаниясының өкілдері ұшақ жөнделмеген жағдайда жолаушыларды сақталымдағы әуе кемесімен жібереміз деп отыр. Ал Алматыдан Тайландқа баратын ұшақты сол жақтағы жерлестеріміз де асыға күтуде.

Дмитрий Тартышный, жолаушы:

- Бәрімізді қосқанда 400 адам боламыз. 200-ден артық жолаушы 2 күннен бері Паттайяда күтіп жүр, ақшасы таусылған. Оларды біз баратын ұшақ алып қайту керек.

Екі күннен бері әуежайды жағалап жүрген туристердің аталған компанияға деген өкпесі қара қазандай. Дегенмен “Скаттың” өкілдері демалушылардың сапарын екі күнге ұзартамыз деп отыр.

Редакциямызға жаңа түскен ақпаратқа сүйенсек, туристер Тайландқа кешкісін ұшып кетті. Бұл ұшақ қайтарда Паттайяда 2 күннен бері күтіп жүрген отандық демалушыларды алып қайтады.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде