{metadescription}
Астана: бірнеше адамның өліміне әкелген екі ірі жол оқиғасына қатысты тергеу жалғасуда
Астана: бірнеше адамның өліміне әкелген екі ірі жол оқиғасына қатысты тергеу жалғасуда

Астана: бірнеше адамның өліміне әкелген екі ірі жол оқиғасына қатысты тергеу жалғасуда

Астанада бірнеше адамның өліміне әкелген екі ірі жол оқиғасына қатысты тергеу жалғасуда. Осыған дейін жарияланған ақпаратқа сәйке, оқиғаның екеуінде де министрліктердің көліктері болған. Алайда бұл мәлімет әлі расталмай отыр.

Екі оқиға да Жаңа жыл қарсаңында орын алды. Желтоқсанның 28-і күні Республика даңғылын белгі қойылмаған жерден кесіп өтпекші болған екі әйел жол ортасындағы қос жолақтың үстінде тұрып қалған. Сол кезде қатты жылдамдықпен келе жатқан “Тойота Ланд Крузер” көлігі тоқтай алмай екеуін де қағып өткен. Бұл көрініс сол кезде көшедегі бейнебақылау камерасына түсірілген. Ал екінші жол апаты Астанадағы әуежайға бара жатқан тасжолда орын алған. Қабанбай батыр даңғылына шықпақшы болған «Мерседес» көлігі «Лексуске» соғылған. Соның салдарынан «Мерседестегі» үш жолаушы – бір отбасының мүшелері сол жерде көз жұмды.

Астана қаласының Ішкі істер департаменті бастапқыда аталған оқиғаларға үкіметтік көліктердің қатысы барын айтқанымен, қазір қосымша ақпарат беруден бас тартып отыр.

Нұрділдә Ораз, Астана қаласы Ішкі істер департаменті баспасөз қызметінің жетекшісі:

- Жай адамдардың көліктерінің нөмірлерін бермейміз ғой. Ондай ақпарат тергеу құпиясына сәйкес, жарияланбайды. Кейін іс аяқталғанда айтамыз.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде