{metadescription}
Қытай: түтеген боран мен қалың қар ауыл шаруашылығын шығынға батырды
Қытай: түтеген боран мен қалың қар ауыл шаруашылығын шығынға батырды

Қытай: түтеген боран мен қалың қар ауыл шаруашылығын шығынға батырды

Түтеген боран мен қалың қардан Қытай да қатты зардап шегуде. Биылғы қыс бұл елдің ауыл шаруашылығына үлкен шығын әкелді.

Ақпараттарға қарағанда, елдің солтүстік аймақтарында үскірік аяздан 12 мыңнан аса мал қырылып қалған. Сондай-ақ, көкөніс өсіріп күн көретін ауыл шаруаларының жағдайы да мәз емес. Жылыжайдағы өсімдіктердің барлығы сары аязға шыдамай үсіп кеткен. Тіпті қалың жауған қардың салмағына шыдамаған мыңға тарта тұрғын үй қирап, 5 мыңнан астам адам баспанасыз қалды. Бүгінде жергілікті құтқару қызметі оларды түгелдей қауіпсіз аймаққа көшірді. Ал теңізде 30 сантиметрге дейін мұз қатып, жүздеген кеме жағалауға жете алмай қалды. Қазір оларға арнайы мұзжарғыш кемелермен азық-түлік және отын жеткізіле бастады. Жалпы, биылғы қыстан Қытайдағы 260 мың адам зардап шегіп, 2 млн. долларға жуық шығынға батты.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде