{metadescription}
Шымкент хайуанаттар бағында орын алған дау шешімін тапты
Шымкент хайуанаттар бағында орын алған дау шешімін тапты

Шымкент хайуанаттар бағында орын алған дау шешімін тапты

Шымкент хайуанаттар бағындағы арыстанның күшіктегенін арнайы комиссия тексеріп, өз қорытындысын шығарды. Естеріңізге салсақ, аталған хайуанаттар бағының бұрынғы қызметкерлері «мұнда жаңа жылдың алғашқы күндері аналық арыстан туған, бірақ, бақ қызметкерлерінің салғыртығынан жыртқыш аң күшіктерін жеп қойды» деп мәлімет таратқан еді. Бүгін мамандар осы даудың ресми нүктесін қойғандай болды.

Шымкент хайуанаттар бағына келген арнайы комиссия жақында күшіктеді деген түз тағысын тексеріп, ұрпақ әкелген нышанын таппапты. Ең қызығы, мамандар «клиникалық» деген аты болмаса, арыстанның торына кірмеген. Яғни, қорытынды жыртқыш аңды сырттай бақылау кітапшасындағы жазба бойынша жасалыпты.

Лесхан Жүнісов, Шымкент қалалық аумақтық инспекциясының бас мал дәрігерлік инспекторы:

- Арыстанға қалай жақындап келесіз? Тордың ішіне кіре алмайсыз ғой?!

- Ұйықтатып тастап қарауға болмас па еді?

- Ұйықтатып қарауға мүмкіндік жоқ. Ондай дәрі-дәрмек бізде жоқ.

Дегенмен, арыстанды сырттай тексерген комиссияның қорытындысы ешкімнің күмәнін тудырмағаны таң қалдырады. Әсіресе, бұған хайуанаттар бағының жаңа тағайындалған директоры риза.

Сейдолла Жұбаев, Шымкент хайуанаттар бағы директорының міндетін атқарушы:

- Отардағы қойдың бәрі бірдей сияқты. Оның ерекшелігін бағып жүрген қойшы, малшы ғана біледі. 600 қой, мың қой болса да. Сізге әншейін сырттан қарап кетті дегенмен, мұны «клиникалық бақылау» дейді.

Хайуанаттар бағына басшы болып келгенге дейін құқық қорғау саласында қызмет атқарған бұл азамат бұрын мал дәрігері де болыпты. Жыртқыш аңды қоймен салыстырып отырғаны да бұрынғы кәсібінің дағдысы болар. Бір анығы, хайуанаттар бағының басшылығы осыдан бірнеше күн бұрын аналық арыстанның үйшігіндегі ағаш еденді алып тастауға нұсқау беріпті.

Сергей Фролов, Шымкент хайуанаттар бағының қызметкері:

- Бүтін еден болатын. Басшылар келді де, еш себепсіз, «ауыстыр!”деп бұйырды. Орнына салатын тақтайымыз да болған жоқ. Сондықтан еденді мүлдем алып тастадық. Сол кезде қанның ізі мен белгісіз жануардың ішек- қарындарының қалдықтарын байқадым.

Хайуанаттар бағының қызметкерлерімен тілдескенімізде, 3-ші қаңтар күні аналық арыстанның күшіктегеніне орай, бақтың бүкіл қызметкерлері бірін-бірі құттықтаған екен. Бірақ, бөгде адамға бұл туралы тіс жарып айтқан емес. Ал жыртқыш аңдар бөлімінің меңгерушісі бұл мәселе бойынша түсінік беруден бас тартты.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде