{metadescription}
Иракта болған лаңкестікті жергілікті БАҚ “химиялық Әлидің” ісімен байланыстырып отыр
Иракта болған лаңкестікті жергілікті БАҚ “химиялық Әлидің” ісімен байланыстырып отыр

Иракта болған лаңкестікті жергілікті БАҚ “химиялық Әлидің” ісімен байланыстырып отыр

Жергілікті ақпарат құралдары Бағдатта орын алған қастандық әрекеттерді Ирак Жоғарғы сотының үкімімен 4 мәрте өлім жазасына кесіліп, ақыры дарға асылған “химиялық Әлидің” ісімен байланыстырып отыр.

Саддам Хусейннің немере ағасы Әли Хасан әл-Маджид көпшілікке “химиялық Әли” деген лақап атымен таныс. Ирак соты оған қатысты 1988 жылы Халабадж қаласында химиялық қару қолданып, 5 мыңнан астам әйел мен баланың өліміне тікелей себепкер болды деген айып таққан еді. Жалпы күрдтерге қарсы ұйымдастырылған “Анфаль” операциясы кезінде аталған қаланың 190 мыңға жуық тұрғыны қаза тапты. 69 жастағы “химиялық Әлиге” соңғы үш жылдың ішінде өлім жазасына кесу туралы 4 мәрте сот үкімі шыққаны белгілі. Әли Хасан әл-Маджид кеше дарға асылды. Осыған орай, Ирактағы күрдтер мерекелік бейбіт шерулер өткізді.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде