{metadescription}
Ирак: Бағдатта лаңкестер бірнеше қастандық ұйымдастырып, 39 адам опат болды
Ирак: Бағдатта лаңкестер бірнеше қастандық ұйымдастырып, 39 адам опат болды

Ирак: Бағдатта лаңкестер бірнеше қастандық ұйымдастырып, 39 адам опат болды

Ирак астанасы Бағдатта қайтадан бүлік басталды. Қала орталығында лаңкестер бірнеше қастандық ұйымдастырып, 39 адам опат болды.

10 минут сайын қайталанған жарылыстардан 100-ден астам бейбіт тұрғын жараланды. Қаза тапқандар мен жараланғандардың басым көпшілігі - әйелдер мен балалар. Лаңкестердің әрекеті шетелдік саяхатшылар көбірек аялдайтын қонақ үйлердің маңында болған. Жарылыстан қатты зардап шеккен “Палестина – Меридиан”, “Вавилон”, “Шератон - Иштар” және “Хамра” қонақ үйлеріне көбінесе шетелдік журналистер мен кәсіпкерлер тоқтайтын. Күшті жарылыстардан қонақ үйлер ғана емес, жақын маңдағы үйлер де қатты зардап шекті. Бүгін түс қайта Бағдаттағы Ішкі істер министрлігі кеңсесінің жанында тағы бір жарылыс болды. Бұл лаңкестік әрекеттен 17 адам қаза тауып, 80-нен астамы ауыр жараланды. Өткен жылдың тамыз айынан бері бұл Ирактағы осымен 5-ші ірі жарылыс.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.