{metadescription}
15 жастағы павлодарлық әнші Мария Мудряк Италияда өткен байқаудың жеңімпазы атанды
15 жастағы павлодарлық әнші Мария Мудряк Италияда өткен байқаудың жеңімпазы атанды

15 жастағы павлодарлық әнші Мария Мудряк Италияда өткен байқаудың жеңімпазы атанды

15 жастағы павлодарлық әнші Мария Мудряк Италияда өткен байқаудың жеңімпазы атанды. Байқауға қатысуға Марияны әйгілі әнші Тото Кутуньоның өзі шақырыпты.

Италиялық әнші Мария Мудрякпен біздің елде гастрольмен жүрген сапарында танысқан болатын. Байқауда екеуінің жұптасып шырқаған әні осыдан 30 жыл бұрын Тото Кутуньоны Сан-Ремо байқауының жеңімпазы еткен еді. Дуэт басқалардан оқ бойы озық шықты. СМС дауыс беру арқылы жерлесіміз ең көп ұпай жинап, көрермендердің ықыласына бөленді. Жаңа жылғы демалыстардан кейін Мария Мудряк Италияға оралып, Джузеппе Верди атындағы конверваторияда оқуын жалғастыруда. Жас өнерпазды Павлодардағы сыныптастары мен ұстаздары да қолдап отырыпты.

Ольга Матвеева, Павладар қаласы № 11 орта мектептің директоры:

- Біз байқаудың қорытындысын күтіп, қатты алаңдадық. Бірақ Мария қандай баға алмаса да, ол әрдайым біздің мақтанышымыз.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде