{metadescription}
Шымкенттің 12 жасар тұрғыны София Келесиди «Mini Miss -2010» байқауының бас жүлдесін жеңіп алды
Шымкенттің 12 жасар тұрғыны София Келесиди «Mini Miss -2010» байқауының бас жүлдесін жеңіп алды

Шымкенттің 12 жасар тұрғыны София Келесиди «Mini Miss -2010» байқауының бас жүлдесін жеңіп алды

Шымкенттің 12 жасар тұрғыны София Келесиди «Fashion House» сән үйі ұйымдастырған «Mini Miss -2010» байқауының бас жүлдесін жеңіп алды. Сұлулар сайысы осыдан бір апта бұрын АҚШ-та өткен еді.

Голливудта өткен сайыстың алғашқы іріктеу кезеңінде шымкенттік модельмен бірге бас жүлдеге әлемнің түкпір-түкпірінен келген 800 үміткер бәсекеге түсті. Ал Лас-Вегастағы екінші кезең барысында финалға шыққан 18 кішкентай аруды бірқатар сынақтар күткен екен. Сұлулар байқауының талабы бойынша, ұлттық нақыштағы киім үлгісін киген үміткерлер өз елін өзгелерден ерекше таныстыруы қажет. Бас жүлдені жеңіп алған шымкенттік София Келесиди қатты толқығанын айтады. Дегенмен, бұл әлемдегі ең жас сұлудың бірінші жүлдесі емес. Бұған дейін Мәскеуде өткен байқауда София атақты кутюрье Пьер Карденнің қолынан «актерлік шеберлігі» үшін арнайы сыйлық алған болатын.

София Келесиди, «Mini Miss Fashion House-2010» байқауының гран-при иегері:

-Біз кәсіпқой модельдермен бірге биге шықтық. Кейін ұлттық киім үлгісін таныстырдық. Қазақстандық болған соң, қазақтың ұлттық киімін көрсеттім. Марапаттау рәсімінің қалай өткені есімде жоқ. Өйткені, қатты толқыдым.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.