{metadescription}
Статистика агенттігі былтырғы халық санағының ресми қорытындысын жариялады
Статистика агенттігі былтырғы халық санағының ресми қорытындысын жариялады

Статистика агенттігі былтырғы халық санағының ресми қорытындысын жариялады

10 жылдың ішінде Қазақстан халқы 1 миллионға көбейді. Былтыр өткен ұлттық санақтың нақты қорытындысын Агенттіктің жаңа төрағасы Әлихан Смайылов арнайы баспасөз мәслихатында жариялады.

Қазақстан халқының нақты саны 2010-жылдың 1-қаңтарындағы есеп бойынша - 16 млн 196 мың адамды құрап отыр. Бұл көрсеткіш бұған дейін өткен 1999 жылғы санаққа қарағанда 1 миллион адамға артқан. Енді соңғы санақтың есебі бойынша, ел мен жердің иесі саналатын қазақтардың Қазақстандағы саны 10 миллион 98 мың адамға жетіп отыр. Яғни, өткен санақпен салыстырғанда, бұл көрсеткіш 26 пайызға артқан. Ал орыс ұлты өкілдерінің саны 15 пайызға азайған. Осы ұлттың өкілдері қазір 3 млн 797 мың адамды құрап отыр. Ал украиндар 39 пайызға азайып, 333 мың адам болса, немістердің саны 49 пайызға кеміп, 178 мың адамды құрады. Сондай-ақ, санақ көрсеткендей еліміздегі қала халқының саны 8 миллионнан асса, ауылдықтар 7 миллионның үстінде. Тағы бір мәлімет, санақ көрсеткендей, еліміздегі әйелдердің саны 8 миллион 282 мың болса, еркектер небәрі 7 миллион 722 мыңды құрап отыр.

Санақтың қорытындысы өткен жылдың соңында шығуы тиіс болатын. Бірақ Агенттіктің бұрынғы басшылары «мемлекет қаржысына қол сұқты» деп айыпталып, оларға қатысты қылмыстық іс қозғалды. Солардың кесірінен санақ қорытындысы кешіктіріліп шығарылып отыр.

Әлихан Смайылов, ҚР Статистика агенттігінің төрағасы:

- Cтатистика агенттігінің бұрынғы басшылары санақ қорытындысын беруге асыққан. Деректер базасы таза болмаған. Біз дубльдарды қайта тазарттық. Сол кезде 300 мыңдай адам екі реттен тіркеліпті. Соңғы қорытынды бойынша, қазақ ұлты өкілдерінің үлесі 63 пайызды құрады.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.