{metadescription}
Павлодардың қақ ортасында төтенше оқиға орын алды
Павлодардың қақ ортасында төтенше оқиға орын алды

Павлодардың қақ ортасында төтенше оқиға орын алды

Павлодардың қақ ортасында бүгін төтенше оқиға орын алды. Облыс әкімі жылдық есеп беріп жатқан ғимараттың жанында микроавтобус пен бір көлік жарылып, соның салдарынан көлік жүргізушісі ауыр жарақат алды.

Куәгерлердің айтуынша, жарылыс қас-қағым сәтте болды. Бірінші тұрақта тұрған “Фольксваген” шағын автобусы жарылып, іле-шала оның жалыны жанында тұрған “БМВ” көлігін шарпыған. Бірнеше минуттың ішінде екі көліктің темір қаңқасы ғана қалды. Алдын-ала мәліметтер бойынша, шағын автобус жүргізушісі көлігін қыздырулы күйде қалдырып, далаға шығып кеткен. Ал көлікте 50 литрлік газ баллоны болыпты. БМВ-ның жүргізушісі ауыр жарақат алып, ауруханаға жеткізілді. Қазір құзырлы органдар жарылыстың нақты себебін анықтауда.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде