{metadescription}
Қырғыстан: Ош облысында екі адам қар көшкінінің астында қалып қаза болды
Қырғыстан: Ош облысында екі адам қар көшкінінің астында қалып қаза болды

Қырғыстан: Ош облысында екі адам қар көшкінінің астында қалып қаза болды

Ауа райының қолайсыздығынан көршілес Қырғызстан тұрғындары да зардап шегуде. Ош облысында екі адам қар көшкінінің астында қалып қаза болды. Ал осы аймақта бір апта бұрын мұз құрсауында қалған шағын ауылдың тұрғындары қазір тікұшақпен қауіпсіз жерге көшірілуде.

Құтқару шарасына әскери тікұшақ жұмылдырылған. Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметтеріне қарағанда, апат аймағында қалғандардың арасында науқастар да бар. Сондай-ақ, Ош-Сарыташ тас жолында 300-ге жуық адам мен 100-ге жуық көлік бірнеше күннен бері қар құрсауында қалған. Жалпы соңғы бір аптада Қырғызстанда ондаған ірі қар көшкіні жүріпті. Соңғы қар көшкіні бүгін Нарын облысында тіркеліп, 7 мың текше метр қар таудан төмен сырғыған. Әзірге зардап шеккендер туралы мәлімет жоқ. Кейбір аудандарда қардың қалыңдығы бір жарым метрден асып кетті. Сондықтан қазір таулы аумақтарда жүруге шектеу қойылды.

Марқұмдардың біреуі қыстаудан келе жатып, қайғылы қазаға ұшыраса, екіншісі сол маңнан бірнеше сағат бұрын табылған.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.