{metadescription}
Ванкувердегі ақ ойындардан қуанышты хабар!
Ванкувердегі ақ ойындардан қуанышты хабар!

Ванкувердегі ақ ойындардан қуанышты хабар!

Ақ олимпиада ойындарынан жағымды жаңалық! Бүгін биатлоншы қыздарымыздың бірі - Елена Хрусталева ел қоржынына алғашқы медальді салды. Отандасымыз жеке сайыста 15 шақырымдық жарыс жолын 41 минут 13 секундта жүріп өтіп, екінші орынды иеленді.

Көптен күткен жеңіспен биатлоншыны Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев та құттықтады.

Ванкуверден жеткен бұл қуанышты хабарды еліміз ұзақ күтті. Жеңісті аттай 12 жыл күтіппіз. Соңғы екі олимпиадада қоржынымыз бос қайтқан спортшыларымыздан бұл жолы да көпшіліктің көңілі күпті еді. Ұзақ қашықтықтағы жарыста биатлоншы қызымыз Елена Хрусталева тек норвегиялық Туар Бергерге ғана есесін жіберіп, күміс медаль еншіледі. Бұл тұста Еленаның барлық 20 нысананы да мүлт кетпей көздегенін айта кету керек. Спортшыны алғашқы жеңісімен бүгін Үкімет басшысы да құттықтады.

Кәрім Мәсімов, Қазақстан Республикасының Премьер-министрі:

- Алғашқы күміс медальді алдық. Сондықтан Үкіметтің атынан құттықтауға болады. Биатлон бойынша күміс медаль алдық.

Елена Хрусталева Ресейдің Краснояр қаласында туған. Бұған дейін Ресей құрама командасы сапында Еуропа чемпионы атанған спортшы енді еліміздің атынан сынға түсіп жүр. Ең соңғы рет қысқы Олимпиаданың жүлдесі қоржынымызға 1998-жылы Наганода түсіпті. Ол кезде шаңғышы Владимир Смирнов қола медаль жеңіп алған еді.

Мәлік Сапашев, ҚР Спорт және туризм министрлігі, спорт комитеті төрағасының міндетін атқарушы:

- Осындай үлкен дәреже деп санаймыз. Екінші орын - олимпиадалық үлкен жетістік. Болашақта олимпиада спортшыларынан осындай жетістіктерді күтеміз.

Күміс жүлде иесіне Үкімет 150 мың доллар сыйақы тағайындаған. Ал жеңістің дәмін татқан ел енді өзге спортшылардан да үміт күтеді.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде