{metadescription}
Алматылық келіншектер құрақ бұйымдардан ерекше көрме ұйымдастырды
Алматылық келіншектер құрақ бұйымдардан ерекше көрме ұйымдастырды

Алматылық келіншектер құрақ бұйымдардан ерекше көрме ұйымдастырды

Құрақ тігу өнері қайта жанданып келеді. Алматылық бір топ әйел қиық маталар мен ескі киімдерден жасалған бұйымдарды көрмеге ұсынды.

Ісмер келіншектердің үйлеріндегі ескі киімдер мен қиық маталар ою-өрнегі бар көрпелерге, әдемі суреттерге, сөмкелерге және қуыршақтарға айналған. Ескі маталар таусылған соң, қолөнершілер бұйымдарды жаңа материалдардан тігетін болған. Мәселен, “Маталар өлеңі” деп аталатын бұл көрпеге матаның 649 түрі қолданылған. Оны жасау үшін тігіншілер 1 ай уақыт жұмсапты. Қуантарлығы, ұмыт болған өнердің бұл түрін халық бағалай бастады. Бұйымдарды сатып алатындар да жеткілікті. Қиындылардан құрастырылып тігілген сөмкелердің құны 5-6 мың теңге. “Душегреечка” клубының мүшелері көрмелерін былтыр Ресейде ұйымдастырса, биыл Франциядан арнайы шақырту келіпті.

Людмила Янченко, “Душегреечка” клубының жетекшісі:

- Көшелеріміздегі бірегейліктен жалықтым. Адамдардың бәрі бірдей, өңсіз киім киіп жүрген сияқты. Киімді қиынды маталардан құрастырып тіккенді ұнатам. Мәселен, дәл мынадай киім бүкіл әлемде ешкімде жоқ. Кез-келген әйел жеке-дара болып ерекшеленіп тұрғанды ұнатады.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде