{metadescription}
Ақтөбе: жол полициясы қызметкерлері 8-наурыз мерекесі қарсаңында жүргізуші қыз-келіншектерге сый жасамақ
Ақтөбе: жол полициясы қызметкерлері 8-наурыз мерекесі қарсаңында жүргізуші қыз-келіншектерге сый жасамақ

Ақтөбе: жол полициясы қызметкерлері 8-наурыз мерекесі қарсаңында жүргізуші қыз-келіншектерге сый жасамақ

Ақтөбелік жол полиция қызметкерлері 8-наурыз мерекесі қарсаңында нәзік жанды жүргізушілерге тосын сый жасап отыр. Олар көктемнің алғашқы он күнінде ұсақ жол ережесін бұзған бикештерге кешіріммен қарап, жүргізуші куәлігін алғаш алуға келгендердің сынақтан сүрінбей өтуіне қол ұшын бермек.

Көлік мінген ақтөбелік бикештер жол сақшыларының жылы лебізін естігеніне ризашылық білдірді. Әйелдер қауымы инспекторлар тек мереке қарсаңында ғана емес, жай күндері де ілтипатпен қарайтынын айтады. Статистикаға сенсек, соңғы жылдары Ақтөбеде көлік жүргізетін әйелдер саны екі есеге артқан. Қазір облыс орталығында жүз мыңға тарта жүргізуші болса, олардың үштен бірі - әйелдер. Ал жыл басынан бері қалада жол ережесін бұзған 20 мыңнан астам адамның тек мың жарымы ғана қыз-келіншектер.

Cерік Шорин, Ақтөбе қалалық Жол полициясы басқармасының инспекторы:

- Әйелдер жол ережесін көп бұзады деп айта алмаймын. Негізі, жол ережесін барлығы да сақтағаны жөн. Ол қандай ереже бұзды, қалай бұзды, соған байланысты ғой. Болмашы бұзушылыққа бола әйелдерді ренжіте қоймаймыз.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

29 мамыр

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде