{metadescription}
Тау шаңғысы спортының шебері Екатерина Черепанова  жастар арасындағы  Азия чемпионатында алтыннан алқа тақты
Тау шаңғысы спортының шебері Екатерина Черепанова  жастар арасындағы  Азия чемпионатында алтыннан алқа тақты

Тау шаңғысы спортының шебері Екатерина Черепанова жастар арасындағы Азия чемпионатында алтыннан алқа тақты

Қазақстандық тау шаңғысы спортының шебері Екатерина Черепанова “Шымбұлақта” өтіп жатқан жастар арасындағы Азия чемпионатында алтыннан алқа тақты. Күміс медаль тағы бір жерлесіміз Ксения Стройловаға бұйырса, қола жүлде өзбек қызы Оксана Зуеваның еншісіне тиді.

Көгалдағы хоккейден Нью-Делиде өтіп жатқан әлем чемпионатында топтық раундтың бәсекелері одан әрі жалғасуда. “В” тобында Англия құрама командасының хоккейшілері ерлеп тұр.

Кезекті ойын күні ағылшындар 5:2 есебімен Пәкістаннан алда болды. Бүгінгі жеңістен кейін есебіне алты ұпай жазған Англия құрамасы өз тобында жеке-дара көш бастады. Осы күні өткен Оңтүстік Африка Республикасы мен Австралия арасындағы матчта биылғы чемпионаттағы рекордтық нәтиже тіркелді. Африкалықтардың қақпасына жауапсыз он екі доп соққан көк құрлық өкілдері өз тобында екінші орынға көтерілді. Бұл күні алаң иелерінің де жолы бола қоймады. Индиялық хоккейшілер 2:5 есебімен Испанияға жол берді.

Баскетболдан Еуролиганың екінші топтық раундында бесінші турдың ойындары өтті. Сырт алаңда 70:76 есебімен Испанияның “Уникаху” клубын ұтқан Мәскеудің ЦСКА-сы, өз тобында бірінші орынды иеленді.

Кездесуді ширақ бастаған мәскеулік гулливерлер уақыт өткен сайын таблодағы есеп айырмашылығын ұлғайта түсті. Осы бетінен танбаған қонақтар матчтың алғашқы жартысында алаң иелерінен 15 ұпай алға шығып үлгерді. Одан әрі мәскеулік армияшыларды қуып жету испандық баскетболшылардың арманына айналды. Қорытынды есеп - 70:76. Екінші топтық раунд аясындағы бес кездесудің төртеуінде жеңіске жеткен ЦСКА мерзімінен бұрын өз тобының мықтысы атанды. Осы топтағы екінші матчта Литваның “Жальгирисі” өз алаңында 93:88 есебімен Польшаның “Проком” клубынан басым түсті.

Үшкүндік іс сапармен Ұлыбританияға келген Оңтүстік Африка Республикасының Президенті Джейкоб Зума әйгілі “Уэмбли” стадионын аралап көрді.

“Уэмблиде” журналистермен кездескен Джейкоб Зума Оңтүстік Африка алдағы әлем біріншілігін қабылдауға дайын екенін мәлімдеді. “Біз мәртебелі доданы қабылдауға дайындықты үзіліссіз алты жыл көлемінде жүргіздік. Футбол додалары өтетін стадиондар толық дайын. Қазір қауіпсіздік шаралары пысықталып жатыр. Әлемдік мундиалға келетін әрбір қонақтың қауіпсіздігі біздің басты назарымызда болады” - деді Оңтүстік Африка Президенті. Бұдан кейін Джейкоб Зума Лондонда ашылған арнайы олимпиадалық бақты аралап, 2012 жылы өтетін Олимпиаданың ұйымдастыру комитетімен арнайы кездесу өткізді.

Бүгін теннистен әлемдегі ірі командалық турнир Дэвис кубогының 1/8 финалы өтеді. Тулон қаласында Франция Германияны қабылдайды.

Жеребе бойынша бүгін кортқа бірінші француз Гаэль Монфис пен Германия құрамасының лидері Филипп Кольшрайбер шығады. Одан кейін Жо-Уилфрид Тсонга мен Бенджамин Беккер жұбы кездеседі. Қос құрама да бұл матчқа тас түйін дайын екендіктерін мәлімдеді. Матч алдында дайындықтарын бір пысықтап алған теннисшілер бүгінгі кездесудің аса тартысты болатынына сенімді. Сондай-ақ мәртебелі кубоктың қазіргі иесі Испания Швейцарияны сынаққа алса, Ресей Үндістанмен күш сынасады. Ал Белградта Сербия АҚШ-ты қабылдайды

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.