{metadescription}
Атырау: ломбардты тонаған қылмыстық топ қапқа толы бұйымды үй іргесіне көміп тастаған
Атырау: ломбардты тонаған қылмыстық топ қапқа толы бұйымды үй іргесіне көміп тастаған

Атырау: ломбардты тонаған қылмыстық топ қапқа толы бұйымды үй іргесіне көміп тастаған

Атыраулық полицейлер қала шетіндегі үйлердің бірінің ауласынан 1 қап алтын әшекей қазып алды. Зергерлік бұйымдар осыдан біраз уақыт бұрын ломбардтан тоналғандығы анықталды.

Өткен айдың соңында Балықшы кентіндегі ломбардтардың біріне қарақшылық шабуыл жасаған топ олжаларын осылай жасырмақ болыпты. Ол кезде қарулы үш адам 300-ге жуық зергерлік бұйымды қолды еткен еді. Полицияның мәліметінше, тоналған әшекейлердің бағасы 2 жарым миллион теңгеден асады. Қазір осы іске қатысы бар деген күдікпен 3 адам қамауға алынды. Барлығы 20-25 жас аралығындағы жігіттер. Олардың екеуі бұған дейін де істі болған. Қазір ұрланған заттардың қалғаны іздестірілуде.

Гүлнәзира Мұхтарова, ІІБ баспасөз қызметінің жетекшісі:

- Мұндай ашық тонау қылмысы облыста бұрын-соңды тіркелмеген. Қазір осы іске байланысты тергеу жұмыстары жүргізілуде.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.